Postlar filtri


Ниетің таза болса, амалыңның соңына дейін жетуіне Алла Өзі-ақ жәрдемдеседі. Амалыңды өзің аяқтай алмасаң да, толық аяқтағанның сауабын жазады.

Ал ниетің лас болса, Алла сені де, амалыңды да тәрк етеді.

©️Әдһәм Шәрқауи
(Уә билхаққи Әнзәлнәһ📚)

8.1k 0 196 1.2k

Дастан Құрманбаев dan repost
Жыл бойы қойдың кәуабы мен сиырдың стейгін жеп жүріп, Құрбан айт келгенде қой мен сиырға жаны ашып қалатын адамдар бар. “Обал ғой, ысырап қой” дейді. Сонда өзің жегенде обал емес те, жылына бір рет мұқтаж жандар жесе ысырап па екен?! Өйткені құрбандықтың еті байлар баратын ресторандарға емес, мұқтаж отбасыларға таратылады!


Ақшаға жомарт, бірақ жылы сөзге сараңдар көп. Ақшаға жомарт, кешірімге сараң. Ақшаға жомарт, мейірімге сараң.

– “Таң атқанда”.


Алла ілім алуды парыз еткенін біліп, ілім алу арқылы надандығыңды кетіру үшін, қоғамға пайдалы болып, өзіңді ілім нәрімен сусындату үшін барша ықыласпен ілім алуды бастадың.

Уақыт өте адамдар: “Мына пәленше білімді екен!” – деп мақтай бастады. Сол сәттерде: “Расымен, ілім маған атақ-даңқ әкеліп жатыр”– деп, ілімді басқалардан мақтау сөз есту үшін ала бастадың.

Адамдардан мақтау естіген кезде көбірек ілім алып, басқа уақыттарда ілім алуға деген шабытың болмады. Бұрынғы ықыласқа толы зауқың жоқ.

Сол сәттерде: “Мен ілімді адамдар үшін аламын ба, әлде дүние мен ақыретте жетістікке жету үшін аламын ба?!” – деп, баяғы жақсы ниетке қайта ораламыз.


«Ниет жаңарту» дегеніміз не?

Ниет жаңарту — бастапқыдағы шынайы, Алла разылығын көздеген ниеттен алыстап кеткеніңді аңғарып, жүрегіңді қайта соған бұру, амалдың мәнін қайта түсініп, соған оралу. Амалдың сырын, маңызын ұмытып кетіп, жай әдетке айналып кеткен кезде “Мен не үшін істеп жүрмін?” деп өзіңе сұрақ қойып, бастапқы шынайы мақсатыңа қайта оралу.

Намазға ең алғаш келген уақытта:

“Намаз бұл – Алланың бұйрығы. Пайғамбарымыздың ‎ﷺ көзайымы болған, мұсылманды екі дүниеде бақытқа жетелер асыл парыз құлшылық” – деген ниетте, әр намазды хушуғпен, тақуалықпен оқисың. Содан уақыт өте жалқаулық басады, тақуалықтың нұры сөне бастап, бірте-бірте кей намаздар да қаза болып кетеді. Сондай кездерде: “Тоқташы, неге намаздарым қаза боп жүр? О баста қандай ниетте намаз оқыған едім?”– деп, ниетті бастапқы жақсы ниетке қайта жаңартамыз.

Немесе нәпіл ораза ұстаудың сүннет екенін әрі орасан зор сауапқа кенелтетінін біліп, әр дүйсенбі-бейсенбі нәпіл ораза ұстап жүрдің.

Біраз уақыт өткен соң салмағың азайғанын, бет әлпетің жақсарғанын байқап, одан сайын оразаға құштарлығың артты. Кейіннен тек осы арықтау ниетімен ғана ораза ұстап жүргеніңді түсіне бастадың. Сол кезде: “Мен арықтау үшін яки болмаса денсаулығымды жақсарту үшін ғана емес, ең алдымен Алла разылығы үшін, Пайғамбарға ‎ﷺ еру үшін ораза ұстап жүрмін” – деп ниетті қайта жаңартасыз.

15k 0 169 889

Бүгінгі тақырып ниет жаңарту деген не?


Телеграмда жазбалар азайып кетті деген шағымдар көбейіп кетті)

Ин ша Алла скоро ашыламыз)


«Кімде-кім дұға қылуға әрдайым құмар боп, есікті қайта-қайта қақса, оған міндетті түрде есік ашылады».

©️имам әз-Зәһәби (рахимаһулла)


Құрбан айт мүбәрак болсын!

Алла Тағала осы қасиетті Құрбан айт мерекесінде жүректерімізге иман,
отбасымызға береке,
өмірімізге нұр сыйласын. Ниеттеріңіз қабыл болғай!

Айт қабыл болсын🎉


Уа, Алла! Маған кең, адал, таза, дүниеге де, ақыретке де жеткілікті, мол, берекелі, жеңіл, қиындықсыз, ешкімге мұқтаж етпейтін ризық бер!

Сенің кең мейіріміңнен сұраймын, өйткені Сен: «Алланың мол мейірімінен игілік сұраңдар» – деп бұйырдың. Сондықтан Сенің аса мейіріміңнен, мол сыйыңнан үлкен ризық сұраймын.

(Ізгілердің ризық сұрау дұғасы)


«Мен кей ізгілерді көрдім. Олар дұға-тілектерін Арафа күніне сақтап, сол күні Алладан сұрайтын».

©️Имам әл-Әузәғи




Арафа күні – жылдың ең ардақты, ең абзал күні. Тіпті кей ғалымдар арафа күнін қадір түнінен де абзал деп айтқан. Сол себепті осы күні ораза мен дұғаға ерекше көңіл бөлуіміз міндет.

©️Әдһәм әл-Ғасими


Арафа – тозақтан құтылудың ұлы күні.

Көптеген пенделердің тозақтан азат етілетін ең ұлы күні – Арафа күні.

Али ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын) осы ұлы күні мына дұғаны жиі айтуды өсиет еткен:

«Уа, Аллаһым! Мені тозақтан азат ет! Маған адал әрі мол ризық бер! Және мені адамдар мен жындардың жамандығынан сақтай гөр!»




– Шейх, таңғы ұйқы ризықты кемітеді дейсіз? Бірақ қанша мәрте таңды ұйқымен өткізсем де, жалақым сол баяғы ғой?!)

– Жалақың сол баяғы боп өзгермей тұрғаны да құлдырап бара жатқаныңның белгісі емес пе?!

Шейх Әбдул Хаким әл-Әнис🏌️‍♂️😁


Табысты адам мен табысқа жетпеген адамның арасында нәзік бір сыр бар.

Табысқа жеткен адам табыстың сырын еңбек деп біледі. Табысқа жетпеген адам табысқа жетпеу сырын сәтсіздік деп біледі.

(Маусуғатул асрар📚)


Қанша тырыссаң да, ішкі әлеміңді түземейінше, сыртқы әлемің түзелмейді.

(Маусуғатул әсрар📚)


Таңғы саулық сұрау дұғасы:

اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَدَنِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي سَمْعِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَصَرِي، لَاإِلَهَ إِلَّا أَنْتَ

Аллаһумма ғәәфини фи бәдәни, Аллаһумма ғәәфини фи сәмғи, Аллаһумма ғәәфини фи басари, Ләә иләһә иллә Әнтә!

«Уа, Аллаһым! Дене-мүшеме саулық бер. Уа, Аллаһым! Есту қабілетіме саулық бер. Уа, Аллаһым! Көру қабілетіме саулық бер. Сенен басқа құдай жоқ!» (Хадис, Сунан Әбу Дәуд)


«Ең абзал құлшылық – Алладан қуаныш күту».

(Тирмизи хадис жинағы)

Имам Шәфиғиден бірде:
– Уа, имам! Алла туралы жаман ой деген не? – деп сұралады. Сонда ол былай деп жауап береді:

«Мейірімді Алла жайлы жаман ойлаудың мысалы – “Бір бәле келіп қалмай ма екен, берекет пен нығметтен айырылып қалмаймын ба?” – деп әрдайым алаңдаушылықпен өмір сүру».

(Исламдағы тұлғалық даму📚)

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.
OSZAR »