Қазіргі жастар неге перзентті болуды қатты қаламайды?
1. Сен анаңның тек өмір сүрмей, күнделікті амалдап жүргенін көріп өстің. Үнемі асығыс. Шаршаған. Түкке үлгермейтін, өйткені үнемі бір нәрсеге міндетті. Тамақ дайындау керек, жұмыс істеу керек, баланы алу, емдеу, жұбату, кір жуу, бәрін үлгеру, жетіспегеннің орнын толтыру керек… Ол күлмейді. Ол демалмайды. Ол өмір сүрмейді. Сен мұны сөзсіз қабылдадың. Атмосфера арқылы. Пәтердің ауасынан. Кешкісін оның жүзінен. Бала кезден-ақ үнсіздік қорқыныш тудырды.
2. Сені эмоциясын көрсете алмайтын ересектер өсірді. Өйткені оларды өздерін ешкім жақсы көрмеген, құшақтамаған, байқаған да емес. Олар өз білгенінше сүйгісі келді — бақылау арқылы, ренішпен, уайыммен, қорқынышпен, манипуляциямен, айқаймен. Жек көргендіктен емес — басқаша сүйе білмегендіктен. Бірақ бұл салдарын жоя алмайды: сені тыңдамады, түсінбеді, «не сезініп тұрсың?» деп сұрамады. Тек «не істеу керектігін» айтты. Сондықтан бүгін сен ата-ана болудан қорқасың — өйткені түпкі санаңда мұны басқаша істеуді білмейтіндей сезінесің.
3. Сен адамдар психикасын емдемейтін кезеңде өстің. Депрессия? “Сен оны ойлап тауып алдың”. Эмоционалды күйзеліс? “Зауытта істеп көрсең — бәрі өтеді”. Психотерапия деген жоқ, шекаралар жайлы әңгіме жоқ, өз-өзіне күтім де жоқ. Тек “мықты бол” және “жылама”. Сен аман қалуға, сезінбеуге үйрендің. Енді, 25 не 30 жасыңда, бала туралы ойламайсың. Өйткені алдымен өзіңді жинап алу керек сияқты. Балалық шағыңды жылытқың келеді. Өзіңе қайта оралғың келеді.
4. Сен әкенің қалай кетіп қалғанын көрдің. Немесе қалып — бірақ сөніп, ішіп, айқайлап, қол көтеріп, үнсіз жүргенін көрдің. Отбасыда болғанмен — шын мәнінде қатыспайтын. Сен баланы жалғыз өзі тәрбиелеп жүрген аналарды көрдің — күйеуі үйде болғанымен, өмірінде ер адам жоқ. Сондықтан қазір “бала сүй” дегенде, қуаныш емес — салқын сезіледі. Өйткені миың мұны бақытпен емес, тек құрбандықпен, ауырлықпен, аман қалумен байланыстырады.
5. Сен эгоист емессің. Сен бала сияқты емес емессің. Сен қатыгез мансап қуған адам да емессің. Сен тек өзің бастан өткерген жағдайдың қайталануынан қорқасың. Сенде жара бар — оны ешкім мойындамаған. Бірақ біреу “Қашан бала туаcың?” деген сайын — ішің біртүрлі болып қысылады. Айқайлап жібергің келеді. Бірақ үндемейсің. Өйткені басқаша сөйлеп үйренбегенсің.
Психолог жазбасынан үзінді….

Сұрақ сол — біз қалай жаңа ұрпақты тәрбиелейміз, егер алдыңғысы бізге өмір сүруді үйрете алмаған болса?
Психолог жазбасынан үзінді….