DoctOrazbek


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Medicine


Админ: https://t.me/doctorazbekk
👨‍⚕️ 🩺 Врач | Медик-блогер
📍 Германия | Frankfurt am Main
🎓 Студенттен дәрігерге дейін бірге жетеміз
🔹 Медицинадағы мүмкіндік, тәжірибе және мотивация
📊 Анализдер, курстар.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Medicine
Statistics
Posts filter


📖Білімге (өз-өзіңе) инвестиция салу дегеніміз не?

📲Соңғы шыққан IPhone не Samsung моделін 1000$-ға (немесе одан да қымбатқа) сатып алуға болады. Немесе Macbook секілді ноутбук алуға болады.

📚Бірақ кейде бір ғана кітапты 300€-ға сатып алғанда, мынаны түсінуің керек: сол кітаптың қағазы, басылуы – 300€ тұруы мүмкін.
Нағыз құндылығы – кітаптың ішіндегі білімде. Сол білім арқылы сен маңызды операциялар жасап, адамдарды емдеп, біреуге шынайы пайда әкеле аласың.

🏙Кішкентай қалада тұрсаң да, дүкенде не көшеде сен емдеген немесе ота жасаған науқастар «Сәлем, дәрігер мырза!» деп жымиып өтіп жатса – бұл сенің біреуге пайдаң тиіп жатқанын білдіреді. Бұл – өмірдің мәні.

🌙Немесе түнгі кезекшілікте жалғыз қалған сәтте ауырсынумен келген науқас саған бүкіл жан-тәнімен сеніп тұрса – сен қазір оған көмектесесің, оның ауырғанын басасың.
Осындай сәттерде дәрігерлік мамандықты сүймей тұра аласың ба?

Германия, 12.06.2025 🇩🇪🇩🇪🇩🇪


Қазіргі жастар неге перзентті болуды қатты қаламайды?

1. Сен анаңның тек өмір сүрмей, күнделікті амалдап жүргенін көріп өстің. Үнемі асығыс. Шаршаған. Түкке үлгермейтін, өйткені үнемі бір нәрсеге міндетті. Тамақ дайындау керек, жұмыс істеу керек, баланы алу, емдеу, жұбату, кір жуу, бәрін үлгеру, жетіспегеннің орнын толтыру керек… Ол күлмейді. Ол демалмайды. Ол өмір сүрмейді. Сен мұны сөзсіз қабылдадың. Атмосфера арқылы. Пәтердің ауасынан. Кешкісін оның жүзінен. Бала кезден-ақ үнсіздік қорқыныш тудырды.

2. Сені эмоциясын көрсете алмайтын ересектер өсірді. Өйткені оларды өздерін ешкім жақсы көрмеген, құшақтамаған, байқаған да емес. Олар өз білгенінше сүйгісі келді — бақылау арқылы, ренішпен, уайыммен, қорқынышпен, манипуляциямен, айқаймен. Жек көргендіктен емес — басқаша сүйе білмегендіктен. Бірақ бұл салдарын жоя алмайды: сені тыңдамады, түсінбеді, «не сезініп тұрсың?» деп сұрамады. Тек «не істеу керектігін» айтты. Сондықтан бүгін сен ата-ана болудан қорқасың — өйткені түпкі санаңда мұны басқаша істеуді білмейтіндей сезінесің.

3. Сен адамдар психикасын емдемейтін кезеңде өстің. Депрессия? “Сен оны ойлап тауып алдың”. Эмоционалды күйзеліс? “Зауытта істеп көрсең — бәрі өтеді”. Психотерапия деген жоқ, шекаралар жайлы әңгіме жоқ, өз-өзіне күтім де жоқ. Тек “мықты бол” және “жылама”. Сен аман қалуға, сезінбеуге үйрендің. Енді, 25 не 30 жасыңда, бала туралы ойламайсың. Өйткені алдымен өзіңді жинап алу керек сияқты. Балалық шағыңды жылытқың келеді. Өзіңе қайта оралғың келеді.

4. Сен әкенің қалай кетіп қалғанын көрдің. Немесе қалып — бірақ сөніп, ішіп, айқайлап, қол көтеріп, үнсіз жүргенін көрдің. Отбасыда болғанмен — шын мәнінде қатыспайтын. Сен баланы жалғыз өзі тәрбиелеп жүрген аналарды көрдің — күйеуі үйде болғанымен, өмірінде ер адам жоқ. Сондықтан қазір “бала сүй” дегенде, қуаныш емес — салқын сезіледі. Өйткені миың мұны бақытпен емес, тек құрбандықпен, ауырлықпен, аман қалумен байланыстырады.

5. Сен эгоист емессің. Сен бала сияқты емес емессің. Сен қатыгез мансап қуған адам да емессің. Сен тек өзің бастан өткерген жағдайдың қайталануынан қорқасың. Сенде жара бар — оны ешкім мойындамаған. Бірақ біреу “Қашан бала туаcың?” деген сайын — ішің біртүрлі болып қысылады. Айқайлап жібергің келеді. Бірақ үндемейсің. Өйткені басқаша сөйлеп үйренбегенсің.

Сұрақ сол — біз қалай жаңа ұрпақты тәрбиелейміз, егер алдыңғысы бізге өмір сүруді үйрете алмаған болса?

Психолог жазбасынан үзінді….


Келесі жылы 2026 ға Ferienjob бойынша барамын деген, жақсы ағылшын не орташа неміс тілін білетін 20 студентке скидка істейміз бұйырса. Яғни программа бағасы 500€ ғана болады.

Ол үшін:
-Студент болу керее
-18 жастан асқан болуы керек.
-Университет Н+ деңгейінде болу керек.
-Ағылшын В2 не неміс А2-В1 болу керек.
-Жауапкершілік ала алатын.

Ерте документ жинайтын сосын дұрыс жинайтын студенттер болса пжл. Біздің курста оқитын студенттер егер барамын деп қызығу білдірсе алдымен сол студенттерді аламын.

Тіл білсе тым жақсы жұмыстарға тұруға болады. Осы жылы тіл деңгейі жетпеген салдарынан көптеген жвқсы жұмыстарға тұра алмай қалды біздің студенттер.

Мысалға:
Ferienjob 2025 — Шоколад фабрикасы,
Жұмыс саласы: Шоколад фабрикасы (Упаковщик, Тасымалдаушы, Склад жұмысшысы)
Қала: Leipzig (қалашықта үлкен фабрика)
Жұмыс мерзімі: 01.06.2025 – 01.09.2025 тек жазғы демалыс
Жалақы: Сағатына 12,50€ brutto
Тұратын жер: Күніне 10,00€ (жайлы жатақхана 16 орын 2 бөлме) айлықтан.
Тамақ: 2 мезгіл жұмыс орнында
_________
📌 Жұмыс саласы: Tankstelle, Ресепшн, Кассир
📍 Қала: Bamberg, Marburg, Urbah, Aelen, Graben. Германия
📅 Жұмыс мерзімі: 01.06.2025 – 01.09.2025
💶 Жалақы: Сағатына 15,45€+ Taschengeld (чаевые) 💸

_
📌 Жұмыс саласы: Пиццерия (Ас үй көмекшісі, Кассир, Сервировщик)
📍 Қала: München, Nürnberg, Heidelberg, Kassel, Regensburg
📅 Жұмыс мерзімі: 01.06.2025 – 15.09.2025
💶 Жалақы: Сағатына 15,00€ + чаевые (Tips) 💸
🏠 Тұратын жер: Күніне 12,00€

_
📮 Жұмыс орны: Deutsche Post / Пошта бөлімшесі
🧑‍💼 Міндеттер: хаттар мен сәлемдемелерді сұрыптау, жеткізу, қабылдау
📍 Қалалар: Leipzig | Mainz | Augsburg
📅 Жұмыс мерзімі: 01.06.2025 – 31.08.2025
💶 Жалақы: сағатына 13,00€
🏠 Тұратын жер: Квартира қамтамасыз етіледі, жалға алу ақысы — 300€, жалақыдан ұсталады
🚗 Права бар студентттерге тасымалдау қызметі
🧆 Тамақ: 2 мезгіл жұмыстан.

____
Сала: Altenpflege / Қарттар үйі
📍 Орналасқан жері: Германияның бірнеше аймағында (қала нақты сұхбат кезінде беріледі)
📅 Жұмыс мерзімі: 01.06.2025 – 31.08.2025
💶 Жалақы: 2500€ брутто / ай
🏠 Жататын жер: Қамтамасыз етіледі (тегін)
🍽️ Астықы: Жұмыстан тамақ беріледі


Осындай мүмкіндіктерді жіберіп алмас үшін қазірден дайындал.

Толық ақпарат, осы жұмысқа қойылған талаптар жайлы goGermany каналда айтып барамын


https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/rezidentura/rezidentura-dlya-postupayushchikh/List-of-questions-for-entrance-exams/


Резидентура сұрақтары!

Жылда примерно осы сұрақтар айналасынан келеді.

Ішінде барлық бағыт бойынша бар.


b605ab9bea4e46c9d07054d9686dac6b.docx
42.7Kb
LOR бойынша резидентура сұрақтары.

Жылда осы тақырыптар айналып келеді.


Трамп браттанның соңғы саястаының салдары қатты танымал Америкадағы work and travel бағдарламасына да тым қатты кері әсерін тигізеді. Миграцияға қатаң шаралар көріліп жатыр. Алдағы жылдарда визаға отказдар саны тым артады.

Ал бұл өз кезегінде Германияға деген талапты арттырады. Өйткені Ferienjob яғни Германияға work and travel әлде қайда арзан әрі риск аз(100% деп ешкім айтпайды). Егер қажетті құжжаттар болса виза 95% жағдайда одобрение береді.
Германияның Америкадан айырмашылығы посольство да ешқандай собеседование болмайды. Тек документтеріңді тапсырасың сосын макс 2 аптада жауабын білесің, билет аласың и ұшасың.


Егер жұмыс орын шықпай, не документтер келмей қалса ақшаңды қайтарып аласың. Ал Америкадаға визаға отказ алсаң ақшаңның аз бөлігі ғана қайтады...


“2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттерінің стипендиясы 52 372 теңгеге дейін көтеріледі, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқып жүрген студенттердің стипендиясы – 84 мың теңге болады. Магистранттар 117 098 теңге, ал докторанттар 262 500 теңге алады”,

– деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ, интернатурада оқып жүргендерге 94 862 теңге, ал резидентурадағыларға 134 664 теңге көлемінде стипендия төленетін болады.


Сұрақ қойылды чатта:

Мен Германияға бардым делік. Неміс тілін үйреніп, сөйлей алатын болдым. Германияда адамдардың 99 пайызы неміс тілін біледі, әсіресе мен сияқты резидентураға тапсыруды жоспарлап жүргендер арасында.

Енді мен қазір не істеуім керек, болашақта маған артықшылық беруі үшін? Яғни, мені басқа резиденттерден ерекшелеп тұратын не нәрсе болуы мүмкін?

Қазір мен 4-курсты бітіріп жатырмын, неміс тілін үйреніп жүрмін.
Офтальмологияға қызығамын.
Егер сіз менің орнымда болсаңыз, неге көбірек мән берер едіңіз?

__________________


🙋🏻‍♂️Менің жауабым:

Сіз чаттарда ақпарат іздеп, “Германияға бардым” дейік (бару оңай емес), ал ары қарай не болады? деп болашаққа бар назарыңызды аударып отырғанда, сіздің бір курстасыңыз неміс тілін оқып жатыр. Ол жақсы біледі — ең алдымен тіл керек екенін. Ол «мен сөйлей аламын, үйреніп алдым» демей, жай ғана тіл үйреніп жатыр, өйткені неміс тілі оңай емес екенін түсінген.

Және де адамның қолында В2 сертификаты болуы — оның керемет сөйлейді деген сөз емес екенін ол жақсы түсінген, сол себепті В2-мен тоқтамайды. Өйткені ол қазір 4-курста. В2-ден кейін С1 деңгейіне өтеді, содан соң медициналық неміс тіліне біртіндеп көшеді.

Ол біледі, Германияда дәрігерлер тек диагноз қоймайды, сонымен бірге обследование-ны (тексеруді) өздері жасайды. Сол себепті әртүрлі курстарға қатысады, практикадан өтеді, үйренеді.

Сол курстасыңыз сияқты болыңыз.
Ары қарай не болар екен?” деп бар назарыңызды әлі келмеген нәрсеге бұрудың қажеті жоқ.


Достарым, күн сайын өзіңіз және балаларыңыз үшін білім алуға міндетті түрде уақыт бөліңіздер.

Білім — нұр, білім — құтқарушы, білім — болашақ.

Бүгін білімге бөлінген бірнеше минут ертеңгі күніңізді жарық етеді.

Күн сайын аз да болса, кітап оқыңыз. Бұл сізді армандарыңызға және мақсаттарыңызға жақындатады. Білім — ең үлкен инвестиция! Дұрыс қой?

Балаңызға күн сайын бар болғаны 30 минут кітап оқып беріңіз. Осы арқылы оның бойында кітапқа деген махаббат оянады.

Тұрмыс күйбеңі өз жолымен жалғаса береді, бірақ ең үлкен шығын — бұл надандық.


🩺🇩🇪 ДӘРІГЕРЛЕР ҮШІН ГЕРМАНИЯДА КАРЬЕРА БАСТАУ – ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК!

Қазақстанда медицина факультетін бітірдің, бірақ Германияға келіп Approbation (дипломды мойындату) процесінде жүрсің бе?
Онда бұл ақпарат нақты саған арналған!

🩹 Германияда Approbation толық бітпей тұрып та, медицина саласында жұмыс істеуге болады.
Соның ең тиімді жолдарының бірі – YouTUBE де айттым. ретінде жұмыс істеу.

Дипломың толық мойындалмағанша, осы позицияда жұмыс істеп:
🔹 Тілдік практика жасайсың
🔹 Неміс медицина жүйесімен танысасың
🔹 Жұмыс тәжірибесі жинайсың
🔹 Жалақы аласың (айына 2500-3350€ брутто шамасында)
🔹 Және ең бастысы – Approbation-ға дайындала бересің

✅ Не үшін тиімді?

🇩🇪 Бұл – Германиядағы жүйеге енуге мүмкіндік
🧠 Жұмыс істеп жүріп Fachsprache немесе Kenntnisprüfung-ге дайындалуға болады
📄 Кей клиникалар сені кейін Assistenzarzt ретінде алып қалуы да мүмкін
💼 Бұл позицияда жұмыс істеу — түйіндемеңде (Lebenslauf) үлкен артықшылық болады

💬 Өзімнің видеомда осы тақырыпты толық түсіндіріп бердім:
📺 Осы жазуды басыңыз.

Сен де Германияда дәрігер ретінде карьера бастағың келсе, осы мүмкіндікті жіберіп алма!

Тек Германия жайлы GoGermany @go_de каналында талқылаймыз.




5 курс ГОС.zip
13.5Mb
5 курс бойынша ГОС сұраған студенттер үшін.

п.с сұраған студенттер үшін тапқан тесттер осы. Сәттілік


2024 ГОС дайындық тест.zip
4.8Mb
2024 жылда бітірген 7 курстар ГОС қа дайындалған тесттер.


Резидентураға түсумен қатар, одан шығу саны да артып жатыр. НЕГЕ ?

Медик студент 7 жыл барысында қаншама арман, үміт, сеніммен резидентураға түсемін, узкий маман боламын деп сенеді. Ниетіне жетіп сол резидентурасына түседі бірақ араға уақыт салып әрең жеткен мамандығынан шығады. Ия қазір Қазақстанда болып жатқан ашық процесс.

Менің әйелім UMC ға 4 невролог резидент болып түскен жыл аяқталмай 1 ғана резидент қалған. Неврология 3 не 4 жыл емес, 2 ақ жыл ғана. Енді кардио, нейро 4 жылға созылатын оқу процессін елестетіңіз. Одан басқа қаншама мысалдар көп. Медицинадан кету жайлы басқа постта айтам ал қазір резидентура жайлы болсын.


Ең басты себеп ФИНАНС💶. Резиденттер стпендия алады. 120 к тг айналасында. Оның концентрациясы тек оқуға қаратылаған. Таңғы 8 ден кешкі 5, 6 ға дейін больницада жүреді. Арасында дежурстволарға қалады. Оған қоса аурауханадағы ауыр аура, пациенттердің жалобтары, дәрігерлердің артық жұмыстарын жасау, наукамен айналысуға шақыруы. Осылардың бәрімен қоса енді қосымша жұмыс жасау керек. Біреуі охрана, біреуі таксис, доставкамен айналысады. Ия резидент доставшик. Бұл айналамызда болып жатқан жағдай. Өйткені аптасына 40 сағаттан аса клиникаларда болу және соған жараса жалақының болмауы қосымша жұмыс жасауға мәжбүрлейді.

Егер ол резиденттің отбасы болса тіпті қиын... Ер кісі бәріне шыдайды егер отбасы тыныш болса. Жетіспейтін жалақы отбасында ұрыс-керістің бастауына алып келеді емеспе ?

1000 нан 10 шығар блог жүргізіп, курс өтіп нәпақасын тауып жүрген медик, резиденттер. Бірақ бәрі блоггер бола алмайды, бәрі сабақ өте алмайды. Не болмаса аз санды адамдарды ата-анасы қамтамасыз етеді. БІрақ 25 жастағы қай кісі ата анасынан ақша сұрайды дейсің ? кемнен кем резиденттердің үлкен қалаларда ата анасы алып берген өз баспанасы бар. Квартираға стипендия жетпейді. Ал өз квартирасы бар резидент ипотекаға алған. Ал құтты болсын енді ол кредит и ипотека төлейді. Бір жыл осы процесс жалғасса резидент тупикқа кіріп, стресс тен көз ашпай қалады. Соңы баста айтқанымыздай.


Менің таныстарымда оқудан шығуына басты себеп осы (Менің әйелім Германияға кету себебімен оқуынан шыққан). Конечно наставниктер коммуникациясы да бар но олар кішігірім дүниелер.

Ал сіз тағы қандай себептерді білесіз ?


Медицинаға деген сезіміңізге әсер ететін кітаптар🤗.

Пайдаларыңызға жарасын☺️.

Алдағы уақытта
медициналық кітаптар, экзамен тесттері, шықса гос сұрақтар, резидентура дайындалу жайлы да документтер

жіберетін боламын.

Ал сіздерден реакция😘




🩺 Қай елде дәрігер болу — ең дұрыс таңдау?



1. Дәрігер болу үшін қанша оқу қажет?
• АҚШ: 11–15 жыл
• Германия: 10–12 жыл
• Канада: 10–12 жыл
• Франция: 9–11 жыл
• Испания: 10 жыл

Дамыған елдерде медицина оқу үрдісі ұзақ әрі күрделі. Бұл – білікті мамандар даярлауға бағытталған жүйе. Нағыз дәрігер жылдар бойы шыңдалады.



2. Дәрігерлер қанша табыс табады? (жылдық орташа табыс)
• Швейцария: $388,600
• АҚШ: $316,000
• Канада: $200,000
• Германия: $183,000
• Франция: $95,000

Жоғары табыс — тек ақша емес. Бұл – мамандыққа деген құрметтің, қадірлеудің, ұмтылыстың көрсеткіші. Қоғам ең білімді жандарға лайықты марапат береді.



3. Дәрігерлер аптасына қанша жұмыс істейді?
• Швеция: 37 сағат
• Германия: 42 сағат
• Канада: 44 сағат
• Франция: 40 сағат
• АҚШ: 50+ сағат

Сапалы медицина үшін дәрігердің демалуы да маңызды. Жақсы жүйе дәрігерді қажытпайды — оны тиімді етеді.



4. Мемлекет дәрігерлерге қандай қолдау көрсетеді?
• Канада: Несие жеңілдіктері, гранттар
• Аустралия: Салық жеңілдіктері
• Норвегия: Психологиялық қолдау субсидиялары
• Германия: Зейнетақы мен мемлекеттік жинақ жүйесі
• Франция: Тегін оқу, мемлекет жұмысқа орналастырады

Дамыған елдер дәрігерді жалғыз қалдырмайды. Қаржылық және психологиялық қолдау — жүйенің маңызды бөлігі.



5. Дәрігерлер зейнетке шыққаннан кейін қалай өмір сүреді?
• Германия: Орташа €2,500 зейнетақы
• Канада: OAS және CPP жүйесі арқылы
• Франция: Мемлекет кепілдік берген зейнетақы
• Швеция: Еңбекақы негізінде есептеледі
• АҚШ: Social Security жүйесі арқылы

Дәрігердің қарттық шағы да қамқорлықты қажет етеді. Көптеген елдер олардың өмір бойғы еңбегін бағалайды.



📉 Ауғанстан — ескерту ретінде келтірілетін ащы шындық

2023 жылы:

– 8 млн адам медициналық қызметтен шет қалды
– 2 000-нан астам медициналық мекеме жабылу алдында
– Балалар өлімі күрт артты

Себебі: Денсаулық сақтау жүйесіне қаржы бөлінбеген, дәрігерлер жалақы алмаған.

Денсаулық сақтау ескерусіз қалса, қоғам іштен күйрей бастайды. Бұл — тікелей адам өміріне қатысты мәселе.



Қорытынды

Медицинаға мән беру — ұлт денсаулығына инвестиция.
Дәрігерін қадірлеген халық — мықты халық.
Ал оны төмен көрген ел — денсаулығынан, болашағынан, ең құнды байлығынан айырылады.

Денсаулық сақтау саласына немқұрайлық — ұлттық әлсіздік.
Дәрігер — қоғамның жүрегі. Сол жүректі тоқтатуға жол бермеңіз.


Компьютер не болмаса телефоным қатып қалса, оны сөндіріп, қайта қосу — ең жақсы көмек болады.

Адам организмімен де дәл осындай жағдайлар болады. Күйзелу. Шешім қабылдай алмау. Шаршау. Іштей тұйықталу. Қатып қалу.

Бір рет сөндіріп-қайта қосу көмектеседі.
Аш қарын + қараңғы бөлме + ерте ұйықтау = қайта қосылу формуласы.


Дәрігерлер арасындағы жасырын эпидемия: күйзеліс (burnout) және өз-өзіне қол жұмсау қаупі

«Медицина — бұл өмірді сақтап қалу. Бірақ дәрігердің өмірін кім сақтайды?»


Дәрігер болу — бұл тек науқастарды емдеу ғана емес, сонымен қатар шексіз стресс, ұйқысыз түндер мен эмоциялық қысыммен күресу. Burnout — бұл жай шаршау емес, дәрігердің іштен күйіп, өз болмысын жоғалту процесі. Ең қауіптісі — бұл синдром өз-өзіне қол жұмсау қаупін арттырады.

Ғылыми деректер: дәрігерлер арасында суицид көрсеткіштері
• Ер дәрігерлердің суицид жасау ықтималдығы: жалпы халықпен салыстырғанда 1,41 есе жоғары.
• Әйел дәрігерлердің суицид жасау ықтималдығы: жалпы халықпен салыстырғанда 2,27 есе жоғары.
• Әрбір 7 нейрохирургтің 1-еуі өмірінде кем дегенде бір рет өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлаған. (aans.org)

Дәрігерлер арасында burnout пен депрессия соншалықты кең тараған болса да, неге бұл туралы аз айтылады?



Burnout – бұл қарапайым стресс емес. Бұл үш кезеңнен тұратын ішкі күйреу процесі:
1. Эмоциялық шаршау – науқастарға, әріптестерге, тіпті отбасына деген қызығушылық жоғала бастайды.
2. Деперсонализация – айналадағыларға немқұрайдылық, мамандығына деген суық қарым-қатынас күшейеді.
3. Жұмысқа сенімсіздік пен үмітсіздік – «Мен жақсы дәрігер емеспін», «Бәрі бекер», «Науқастар тек шағымданып жатыр» деген ойлар пайда болады.

Burnout кейде соншалық ауыр формаға жетеді, нәтижесінде дәрігер ішімдікке, есірткіге әуес болып немесе өз-өзіне қол жұмсауға талпыныс жасауы мүмкін.


Зерттеу нәтижелері
• Нейрохирург резиденттерінің 67%-ы burnout-тен зардап шегеді.
• 41%-ы мамандығынан кету туралы ойлаған. (aans.org)

Неліктен әйел дәрігерлер көбірек қауіп астында?

Медицина тарихи тұрғыдан ер адамдардың мамандығы болған, бірақ қазір әйел дәрігерлер саны өсіп жатыр. Алайда статистика көрсеткендей, суицид көрсеткіші әйел дәрігерлер арасында жоғары.

Себептері:
Жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерімді сақтау қиын → ұзақ жұмыс сағаттары, отбасылық жауапкершіліктер.
Гендерлік стереотиптер → мінсіздік күтіледі, бірақ бәрібір бірдей бағаланбайды.
Психологиялық көмек алудан қорқу → көптеген әйел дәрігерлер депрессиясын жасырады.

Мәселені қалай шешуге болады?

Дәрігерлердің психикалық саулығы – басым мәселе болуы керек!

AANS және ДДСҰ (WHO) дәрігерлер үшін келесі 3 негізгі стратегияны ұсынады:

1️⃣ Психикалық саулық бойынша міндетті тренингтер – дәрігерлер стресс пен burnout-пен күресуді үйренуі тиіс.
2️⃣ Депрессия мен суицид қаупін тұрақты бақылау – дәрігерлер жыл сайын психикалық тексеруден өтуі керек.
3️⃣ Жеке психологиялық қолдау жүйелері – дәрігерлер психикалық қиындықтарын ашық айта алатын арнайы бағдарламалар енгізілуі тиіс.

Қорытынды

Медицина – бұл өмірді сақтап қалу өнері. Бірақ бұл өнерді атқаратын адамдар да — адам. Егер дәрігерлер өз-өзіне қол жұмсап жатса, бұл жүйеде үлкен мәселе бар деген сөз.

«Егер дәрігердің өзі сау болса — науқастар да жақсы емделеді.»


Медицинада оқып жүрген досыңа жібер — бұл әрбір болашақ дәрігер үшін маңызды және қажетті тақырып!

📌 Каналға тіркелуді ұмытпаймыз


Нейроғалымдардың көзқарасы бойынша, университетте жасанды интеллектке шамадан тыс сүйену

❗️есте сақтау,
❗️сын тұрғысынан ойлау және
❗️мәселелерді шешу

сияқты маңызды когнитивті үдерістерді әлсіретуі мүмкін.

Ми ақпаратты

✅ оқу,
✅ талдау және
✅ есте сақтау

сияқты белсенді оқу арқылы нейрондық байланыстарды нығайтады.

Егер студенттер оқу материалына шынайы түрде назар аударудың орнына жасанды интеллект жасаған жауаптарды тек қабылдаумен шектелсе, олар гиппокамп (есте сақтау үшін өте маңызды) және префронталды қыртыс (ойлау мен шешім қабылдауға жауапты) сияқты негізгі ми аймақтарының белсенділігін төмендетеді.

Бұл ұзақ мерзімді жадының әлсіреуіне және күрделі, шынайы жағдайларда білімді қолдануда қиындықтарға алып келуі мүмкін.

https://t.me/doctorazbek

20 last posts shown.
OSZAR »