Қаламының құнары қағаздың бетін нұрландырып, үмметке тағылымды мұра қалдырған ұлы ғалым – Абдулла Драз секілді Алланың кәләмі – Құранды зерттеп, оның тілдік ерекшеліктерін аша білген ғалым кемде-кем.
Тіпті кейбір ғалымдар тәпсір ілімін үйренгісі келген жан, міндетті түрде оның «Ән-Нәбәу әл-Азим» атты кітабын жатқа білуі керек деген.
Құранды терең түсінуге ықпал еткен ең басты нәрсе – оны көп оқу. Шейхтың көзін көрген, онымен сапарлас болған серіктері оның күнделікті тастамай орындайтын әдетін жиі еске алатын. Ол – күн сайын алты пара Құран оқып, оны түнгі намазда қайта оқитын.
Міне, кітаптарының ерекше болуы, өзіне дейін ешбір ғалым айтпаған тұжырымдарды келтіруі және тың мәліметтерді ашуының сыры да – осы. Ол – Құранды өте көп тіләуәт ету.