«Лион» не үшін Лига 2-ге ұшып кетті?🏟 «Лион» – Францияның 7 дүркін чемпионы. Клубтағы дағдарыс жаңа стадион салумен басталды. Бюджеттің басым бөлігі құрамды күшейтуге емес, құрылысқа бағытталды. Шамамен 450 млн еуро кеткен.
🇫🇷 Сондай-ақ «арыстандар» коронавиурс кезінде әжептәуір қиналды. Салдарынан 150 млн еуро шығынға батқан.
🔥 Алайда әр кездері
Кәрім Бензема,
Набиль Фекир,
Самюэль Юмтити,
Антони Марсьяль,
Александр Ляказет,
Корентин Толиссо,
Ферлан Менди,
Танги Ндомбеле,
Бруно Гимараэс,
Брэдли Барколя,
Мало Гюсто сынды т.б. ойыншыларды сату арқылы жағдайын түзеп отырды.
😢 Бірақ еурокубокта тұрақты ойнамаған соң, телеқұқықты сатудағы қиындықтар болған соң, пандемиядағы стадионның бос қалуы сынды т.б. проблемалар үйілгендіктен, «Олимпиктің» қарызы
500 млн еуродан асып кетті.
⬅️ Осыған байланысты барлық ойыншысын трансферге де қойды. Дегенмен жағдайды біле тұра, былтыр 148 млн еуроға он ойыншы сатып алды. Нәтижесінде Еуропа Лигасына шықты. Екінші Лигада жүріп, еурокубокта ойнайтыны қызық болып тұр.
🇫🇷 «Лион» Екінші лигада соңғы рет 1988/89 жылғы маусымда ойнаған.
https://t.me/soqqyjanegoal/43369