📚Электронды кітаптар


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
📍Реклама @dalareklanabot

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter


Криптобиржа ATAIX Eurasia. Абсолютно легальная торговля!

ATAIX Eurasia – казахстанская лицензированная криптобиржа, которая работает под эгидой Международного финансового центра «Астана» (МФЦА). Лицензия АFSA-G-LA-2022-0002.

В числе преимуществ ATAIX:

⚡ Биржа сотрудничает с самыми крупными банками РК, поэтому это многократно упрощает процесс депозита и вывода средств в фиатных валютах: тенге, долларах, евро;
⚡ Мгновенный депозит с помощью карт VISA и MasterCard, а также мобильного банкинга;
⚡ Законное P2P без блокировки карт;
Нулевая комиссия за депозит;
⚡ Мобильное приложение для Android и iOS.
Еще у нас доброжелательная поддержка, которая всегда готова помочь.

Инвестируйте с умом на лицензированной криптобирже ATAIX Eurasia!

Перейти на сайт

#жарнама 16+
ataix.kz


Демалыс күндері Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?

Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!

Алматыда сізді түрлі қызықты көрмелер мен аспан астындағы кино, ал Астанада көрме күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.

Сілтеме төменде
https://t.me/uidezhatpa


Forward from: DALA INSIDE
💰 Amanat олигархтары. Депутаттың бизнес қабілеті Антикорды да қызықтырды

Amanat партиясы депутатының фирмасы Атырау облысында 141 тендерді жеңіп алып, 15 миллиард теңгеге мемлекеттік келісімшарттар алған. Мәжіліс депутаты болып отырған Әділ Жұбанов құрылтайшы болып табылатын «БатысАльянсСтрой» компаниясы 2016 жылдан бері Атырау аумағында сұмдық белсенділік танытуда. Келісімшарттардың басым бөлігі Атырау облысындағы қала құрылыс басқармасы мен түрлі аудандық әкімдіктермен жасалған. Қазіргі таңда фирманы есім-сойы мен әкесінің аты сәйкес келетін Жанабай Жұбанов басқарып отыр.

"Әрине, Мәжіліс депутатының өзі бизнес басқара алмайды. Жақын туысына беріп қояды. Бірақ тұтастай алғанда бәрібір оның беделі, таныстығы, сөзі бизнестің жүруінде үлкен рөл ойнайды. Қазір Антикор депутаттардың бизнесін, жүріс-тұрысын бір көзімен бақылап отыр. Әділ Жұбанов ерекше мониторингке әлдеқашан ілінген", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Болашақта Мәжіліс депутаттарының бизнесіне аудит жүруі мүмкін. Қазір мұндай идея Үкімет қабырғасында бейресми талқылануда. Себебі, Парламент қабырғасында жүрген халық "қалаулыларының" басым бөлігінің артында бизнес бар. Бірер жыл бұрын, депутаттардың жалақысының өсуіне мораторий жарияланғаны есте. Бірақ жалақымен күн көріп жүрген бір де бір депутат байқалмайды.

Әсіресе Amanat партиясының депутаттары билікке жақындығын алыс өңірлерде тыныш монетизациялап жатқаны туралы аз айтылып жүрген жоқ. Енді кешенді тексеріс басталуы мүмкін.

https://t.me/dalainside


Forward from: DALA INSIDE
🛩️ «Қарлығаш D12»: Қазақстан дрон державасына айналуды көздеп отыр

Қазақстан Ресей-Украина соғысының тәжірибесіне сүйеніп, өзін өте тиімді жағынан көрсеткен дрон типтерін саралау жұмысын бастап кетті. Тиімді, арзан және құрастыруы технологиялық жағынан оңай дрондарды жақын болашақта конвейерге қою көзделген.

«Паутина» операциясынан кейін дрондардың соғыс келбетін өзгерткеніне әскерилердің толық көзі жетті. Көлемі үлкен, бағасы удай қымбат стратегиялық бомбылаушы ұшақтарды құны 100 долларлық шағын дрондар қиратып жатқан картина үлкен держава мен шағын мемлекет арасындағы паритетке үлкен түзету енгізіп отыр. Аспанға бір мезетте миллион дрон жібере алатын шағын мемлекет кез-келген қарсыласқа қиындық туғызады. Біздікілер өз шансын енді түсінді», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Енді Қазақстан танк, ауыр артиллерия мен снарядтарға ғана иек арта бермей, қаржыландырудың көлемді бөлігін дрондарды құрастыру мен сатып алуға бағыттайтын болады. Дереккөздің айтуынша, дрон құрастыратын өндіріс Қытайға жақын аумақта орналасуы тиіс. Бұл қосалқы бөлшектердің логистикасы мен қауіпсіздік жағынан өте дұрыс шешім.

«Бұған дейін Қорғаныс министрлігіндегі ресейшіл басшылық саналы түрде дрондардың соғыстағы маңызын төмендетіп келген еді. Осының кесірінен Қазақстан алтын уақытын жоғалтып алды. Мүмкін қарсыласқа қарсы тұру үшін біздің арсеналымызда алғашқы уақытта 200 мыңдай арзан дрон болуы тиіс. Конвейерлі зауыт ашылса, осы мәселені 1-2 жылда түзетуге болады. Болашақта кемінде 5 миллион дрон ұстап отырсақ, бізге агрессия жасар алдында кез-келген мемлекет ойланады немесе біздің осы дрондарымызды диверсия арқылы құртуға тырысады», - дейді, дереккөз.


Бұл ретте Қытаймен технологиялық кооперация аса қажет екені түсінікті. Сол себепті Қытаймен тығыз жұмыс істеген «Қазпошта» компаниясының басшысы Әсел Жанасова Ақордаға алдырылды. Қорғаныс министрі ауысты. Дереккөз енді талантты инженерлер, программистер, жасанды интеллект пен радиоэлектронды режим мамандары бір жерге шоғырландырыла бастайтынын айтады.

Қазақстандық әскери FPV дрондардың алғашқы типі «Қарлығаш» деп аталуы мүмкін. Ол толық автономды болады деп күтіуде. Яғни радиоэлектронды күрес қатты дамыған заманда ешқандай байланысқа иек артпай, борттағы жасанды интеллект көмегімен өз бетінше шешім қабылдап, жаудың әскери техникасы, нысандары мен солдаттарын жоя алатын қабілетке ие болуы тиіс.

https://t.me/dalainside




Forward from: Қазақша кітаптар
Нұрғали Ораз - Эсселер




Forward from: Қазақша кітаптар
Жоламан Айдарбаев - Тұтқындар

Бұл шығарма өлім мен өмір белдескен қиын-қыстау кезенде ортақ тағдыр бауырластырып жіберген қазақ, орыс, француз халықтарының құшақтары айқасқан достығын дәріптеуге, Қазақстан-Франция достастығын одан әрі нығайтуға қызмет етпек.


Forward from: Қазақша кітаптар
Сансызбай Сарғасқаев
Сұлутөр

Белгілі жазушы Сансызбай Сарғасқаевтың мектеп-пионер өмірі, мұғалімдер мен вожатыйлар туралы жазған шығармалары мен «Ұстаз» атты романы оқырман қауымға жақсы таныс. Жазушының жаңа шығармасында Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі ауыл өмірі шынайы да жан-жақты суреттеледі. Ауыл еңбеккерлерінің бейнелері көркем сомдалған.


Forward from: DALA INSIDE
🇷🇺🇧🇾 Назарбаев Ресей-Беларусь одағының болашағын шеше алмады

Назарбаев пен Путиннің соңғы бейресии жеке кездесуінде Қазақстанның Ресей-Беларусь одағына қосылу мәселесі де талқыланған. Дәлірек айтсақ бұл сұрақты Путин қойған, ал Назарбаев "билік менде емес қой" деп жауап берген. DALA INSIDE дереккөзі Путиннің ақсақалдан біраз геосаяси кеңес сұрағанын хабарлайды.

"Тоқаев пен Си арасындағы байланыс сөз болды. Путинді Си мырзаның Тоқаевты қаншалықты деңгейде қолдайтыны өте қатты қызықтырады. Бұл оның алдағы біршама маневрлар кезінде Си факторын ескеру керек пе, жоқ па деген сұрағына жауап іздеген түрі болуы мүмкін. Себебі Кремль Қазақстандағы тұңғыш АЭС таңдауы Си Цзиньпиннің пайдасына шешілді деген сигнал алып отыр. Мәскеу Қытайға тікелей қарсы шыға алмайды. Сондықтан ішкі қыжыл бар болса да, бұл шешімді жария түрде қабылдайды", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Осы айда Астанада өтетін "Қытай-Орталық Азия" саммитінде CNNC корпорациясы мен ҚР Атом энергетикасы Агенттігі арасында ғасыр келісіміне қол қойылуы мүмкін. Егер ол жүзеге асса, онда Балқаш жағасында Қытайдың меншікті ұлттық ядролық жобасы - HPR-1000 реакторлары бой көтеретін болады.

Путин Назарбаевті араға жарты жыл салып екінші рет қабылдап отыр. Оның алдындағы жеке бейресми кездесу 2024 жылдың желтоқсанында, Нова-Огарево резиденциясында өткен еді. Жалпы бұл кездесулерде Назарбаев Путинге Қазақстандағы ішкі саяси ахуалды, кланаралық тартыстар барысын, кімнің не істеп жүргенін баяндап отыратын сияқты. Бастысы мұндай әрекеттер еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі тиіс.

Себебі Назарбаев мемлекеттік құпияны ұстаушы тұлға. Ол кімнің кім, ненің не екенін Қазақстандағы кез-келген адамнан анағұрлым жақсы біледі.

https://t.me/dalainside


Forward from: DALA INSIDE
🗡️ Мәсімовтың қылышы үшін күрес басталды

Кәрім Мәсімовтың бөлек лотқа қойып сатылатын мүйізден жасалған семсері өзге ұлттың қолында кетпеу үшін, этникалық ауқатты кәсіпкерлер осы аукционға қатысып, Мәсімовтың қылышын сатып алмақ.

«Негізі коллекцияда қылыш, семсер, тіпті катана да бар. Кәсіпкерлерді қызықтырып отырғаны - сабы мүйізден жасалған, тарихы терең, бағалы қылыш. Мәсімов ол қылышты бекер алмаған болатын. Болашақта ол сакралды мәнге ие болып, қазақтар үшін Кенесарының басы қандай маңызды болса, бұл да белгілі этникалық топ үшін сондай маңызға ие болуы мүмкін», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Қазір мүйіз сапты бұл қылыш электронды аукцион реестрінде шамамен 1,3 миллион теңгеге бағаланады. Бірақ аукцион барысында бағасы бірнеше есе өсіп кетуі ғажап емес. «Тіпті 10 миллион теңгеге өссе де, сатып алуға дайын адамдар бар» дейді, дереккөз.

Кәрім Мәсімовтың бұл қылышының энергетикалық қасиеті туралы ақпарат бар.

Дереккөз президент ретінде өз адамын қойып, өзі Қазақстанды көлеңкеден толық басқарар жоспарын ойлағанда Кәрім Мәсімов осы семсермен серттескен деген қауесеттермен бөлісті.


Енді қай кәсіпкер осы қылышқа ие болса, сол өз саласының кем дегенде монополисіне айналады пікірлер пайда бола бастады. Және семсердің өз ұлтының, этносының қарауында қалуы міндетті деген пәтуа да айтылған.

DALA INSIDE бұл аукционның барысын бақылап отырмақ. Және мүйіз семсерді қолға түсірген кәсіпкердің бизнестегі болашағы да сараланатын болады. Осы семсер отандық аукциондағы сатып алуға ниет білдірушілер саны бойынша жаңа рекорд қоюы мүмкін.

https://t.me/dalainside


Forward from: DALA INSIDE
🎲 Спорт және туризм министрлігінің букмекерлік лоты Антикорға дейін жетті

"Nomapay" деп аталатын бұған дейін белгісіз төлем компаниясы отандық банктерге шлюз резервтеу бойынша белсенді түрде ұсыныс жасауда", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның сөзінше, компания өзін банктерге Букмекерлік ставкаларды бірыңғай есепке алу жүйесінің (ЕСУ) операторы деп таныстыруда. Бір қызығы, мемлекет тарапынан бұл жүйенің операторы әлі анықталып, жарияланған жоқ. Жеке компания лот қорытындысы шықпай жатып оның нәтижелерін қайдан білетіні сұрақ тудырады.

"2024 жылғы 20 желтоқсанда үкімет 100% мемлекетке тиесілі «Бірыңғай есеп жүйесінің операторы» ЖШС-ін құрды. Ол ЕСУ жұмысын қамтамасыз етуі керек еді. Компания 2025 жылдың 13 қаңтарында тіркелген. Қазір оның жарғылық капиталы мардымсыз, штаты жоқ, бағдарламалық жүйесі де дайын емес. Мемлекеттік сатып алу реестрінде осы жүйеге қажетті ІТ-платформа әзірлеу немесе сатып алу туралы бірде-бір лот жарияланбаған. Салалық Цифрлық даму министрлігі бұл жобаға ресми түрде еш тартылмаған", - дейді, дереккөз.


Министрлікке жақын тағы бір инсайдер ЕСУ жүйесінің ешбір қазақстандық IT-компанияны жолатпай, дайын ресейлік бағдарламаны сатып алатынын растап отыр. Сонда бізге СБЕР кейсі сабақ болмаған сияқты. Талантты программистеріміз барда, біреудің қаңсығына миллиардтаған қаржы жұмсауды қашан қоямыз?

Бір қызығы министрлік конкурсқа өтініш беруге небәрі бес күн берген. Және оның екеуі демалыс күндері болып шықты. Өз тарапынан Қазақстанның букмекерлер қауымдастығы бұл әрекетті тікелей манипуляция деп атап, қазіргі таңда Антикорға шағым жолдады.

Онда конкурстың формалды түрде өткені, іс жүзінде басқа қатысушылардың бәсекелесуіне мүмкіндік болмағаны жазылады. Тіпті балама ретінде қатысқан «Қазпоштаның» даму стратегиясында букмекерлердің төлемдерін өңдеу бағыты қарастырылмаған.

"Мемлекеттік оператор қағаз жүзінде ғана бар кезде, "Nomapay" компаниясы банктермен техникалық интеграция процесін бастап кеткен. Олар ірі төлем трафигіне арналған AS210663 автономды жүйесін биыл көктемде тіркеп алған. Төлем ұйымдары қауымдастығының хатында Nomapay компаниясының ресейлік ЕЦУПИС платформасын Қазақстанға технологиялық негіз ретінде әкелмек екені жазылады. Мұны компанияның құрылтайшысы, танымал блогер Айтым Жақыповпен байланыстыруға болады. Себебі оны инстаграмда "брат" деп атап жүрген Умар Кремлев Ресейде дәл осындай ЕЦУПИС жүйесінің иесі болып саналады. Және ол соңғы кездері Жақыповтың жобаларын белсенді түрде қаржылай қолдай бастады", - дейді, дереккөз.


Profit.kz бағалауынша, Қазақстандағы заңды букмекерлік ставкалардың жылдық айналымы 1,2 триллион теңгеден асады. Егер осы нарыққа жалғыз оператор бақылау орнатса, небәрі жарты пайыз комиссияның өзі миллиардтаған табыс әкеледі. Сонымен қатар бұл құрылымның қолына миллиондаған клиенттің жеке деректері мен банктік төлем ағынын қайта бөлетін тетік те түспек.

2021 жылы осыған ұқсас ЦУС жобасы іске қосылмақ болғанда, ол жемқорлық дауына ұласып, қылмыстық іс қозғалған еді. Сол кезде министрлік өкілі Hermès сөмкесі түрінде пара алып, жеке делдалдық компанияны лоббилегені үшін ұсталған. Қазіргі жағдай тура сол оқиғадан аумайды. Өте жылдам өткізілген конкурс, қағаз жүзіндегі мемлекеттік компания және оның артында тұрған ықпалды күштердің көлеңкесінен-ақ ескі сценарийдің "Жаңа Қазақстан" дәуірінде қайта жаңғырғанын байқаймыз.

Жалпы бұлайша қаржы бақылауын сыртқы құрылымдарға берудің салдары ауыр болуы мүмкін. Мысалы, Беларусь 2020–2022 жылдары ресейлік банктерге (Сбербанк, ВТБ, ВЭБ) экономикалық тәуелді болып қалғандықтан, Ресейге қарсы санкциялар сол елдің де қаржы жүйесін күйретті. Елдің ішкі жалпы өнімі 4,7 пайызға төмендеп, SWIFT жүйесіне кіру құқығынан айырылды. Экономикасы 10 жыл бұрынғы деңгейге шегінді. Ал 1990 жылдары Шығыс Еуропада Батыс банктерінің жаппай экспансиясы капиталдың шетелге кетуіне, несие саясатына бақылаудың жоғалуына әкелді. 2008 жылғы дағдарыс кезінде бұл елдер әлдеқайда қатты зардап шекті.

Қаржы ағындарын кім бақылайды, экономикаға сол иелік етеді. Ал экономиканы басқаратындар саясатты да реттеп отыратыны айдан анық.

https://t.me/dalainside


Forward from: DALA INSIDE
🪄 "Ұзын құрық" операциясы: Алматының ірі кландары жаңа әкімді бірден қоршауға алмақ

Алматыда ірі құрылыс жобаларын жасап жатқан алпауыт кландар жаңа әкім Дархан Сатыбалдыға кімнің кім екенін бірден білдіруге тырысты. Сатыбалдының ағалары жүргізетін құрылыс бизнесі туралы ақпараттардың телеграм арналарда бір мезетте шыққаны бар, одан кейін халықпен кездесуде "қызық" сұрақтардың қойылатыны бар, барлығы алдағы келіссөздерге дайындық сатысына ұқсайды.

"Кландардың бұған дейін әкім болған Ерболат Досаевқа тісі бата алмады. Досаев оларға көмектеспеді, бірақ қатты жолдарын да кеспеді. Бейресми статус-кво болды. Енді кландарға келесі циклдің тендерлері керек. Сол үшін олар алдымен жаңа әкімге өздерінің ықпалы мен мүмкіндіктерін білдіріп, одан кейін ғана келіссөздерге келеді. Бұл олардың сүйікті тактикасы", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Алматы - Орталық Азия бойынша бюджеті ең көп мегаполис. Сондықтан бұл жерге ең азулы деген девелоперлер жиналған. Тендерден үлкен табыс алуға болады. Олардың мұндай сигналын Дархан Сатыбалдының қалай қабылдайтыны белгісіз.

"Дархан Сатыбалдыны ағалары туралы ақпаратпен түрту абсурд. Өйткені ол бұған дейін де біршама өңірде әкім болды. Бұл мәселені ашық айтып, нүктесін қойып тастаған болатын. Кландардың басқа ілігі болмай тұрған сияқты", - дейді, дереккөз.


Дархан Сатыбалды кезінде көпбалалы отбасыдан шыққандығын, жеті ұл, бір қыз болғанын өзі ашық айтқан болатын. Әкім отбасының кішісі. Ағалары 90-шы жылдардан бастап бизнес бастаған, саудамен көтерілген кәсіпкерлер. Дархан Сатыбалдының оларға еш ықпалы да, әсері де болмаған. Керісінше олар кесір тимесін, сөз келмесін деп Сатыбалды әкім болып отырған өңірлерде мүлде жұмыс істемейді.

Демек, Сатыбалдының ағалары құрған SAT құрылыс тобы Алматы бойынша тендерлерге қатыспайды. Сондықтан кландардың бәсекелестік бойынша уайымы негізсіз. Ақпараттық соғысты абайсыз бастап қойғандар "артық қыламын деп, тыртық қылып" жіберген сияқты.

https://t.me/dalainside




Forward from: Қазақша кітаптар
Жоламан Айдарбаев - Тұтқындар

Бұл шығарма өлім мен өмір белдескен қиын-қыстау кезенде ортақ тағдыр бауырластырып жіберген қазақ, орыс, француз халықтарының құшақтары айқасқан достығын дәріптеуге, Қазақстан-Франция достастығын одан әрі нығайтуға қызмет етпек.


Forward from: DALA INSIDE
🤜🧠 Өзін-өзі «пергілеп» жатқан қазақтың Әлиханы саяси анекдот кейіпкеріне ұқсап барады

Жақында Жоғарғы аудиторлық палата 2024 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы баяндама жасап, ондағы жүйелік проблемаларды сын садағына алған болатын. Бірақ ондағы проблемалардың барлығы Жоғарғы аудиторлық палатаның қазіргі басшысы, 2022-2024 жылдары Үкіметті басқарып, Премьер-Министр болған Әлихан Смайыловтың тікелей мұрындық болуымен туындаған. Сондықтан аудиторлар өздерінің бірінші басшысын сынап жатыр деп есептеуге болады. Ал ол есепке палата төрағасы ретінде Әлихан Смайылов қол қояды.

«Бұл саяси садомазохизм бе, әлде өзінің үкімет басқарған уақыттағы қателіктерін мойындау ма, ол жағын әркім өзі шеше жатар. Бірақ дәл осы Әлихан Асханұлының премьерлігі тұсында ұлттық компаниялар акциясын сатып алу сынды Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттен тыс ақша тартудың күдікті схемалары ойлап табылып, қолданылған болатын. Қазақстан осының зардабын әлі ұзақ жылдар бойы тартатын болады. Созылмалы дефицит, бюджеттің басқа да жүйелік проблемаларына экс премьерлер Асқар Мамин мен Әлихан Смайылов тікелей жауапты. Олар пандемия кезінде пайда болған орасан мемлекеттік қаржы шығынын ары қарай дұрыс басқара алмады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Әлихан Смайылов 2022 жылы «Қаңтар оқиғасы» аяқтала салсымен, сол қаңтарда Үкімет басшысы болып тағайындалды. Ол қызметінен Асханұлы 2024 жылдың басында, яғни ақпан айында кетті. 2024 жылғы бюджет параметрлерін Смайыловтың кабинеті толықтай өздері бекіткен.

«Смайыловтың үкіметі 2023 жылы бизнестен қосымша құн салығы ретінде 600 миллиард теңге қайтаруы тиіс еді. Оны істемеді. Артынан жыртықты жамау үшін олар қарыз алды. Сол кезде 2023 жылғы бюджеттің «тесігі» 1 триллион теңгеден асып кетті. Ал 2023 жылдың наурыз айында министрлер кабинеті трансфертті 800 миллиард теңгеге тағы да арттырып, дефицитті 2 триллион теңгеден асырып жіберді», - дейді дереккөз.


2024 жылы Үкімет басына келген Олжас Бектенов бәрібір тез арада ештеңе өзгерте алмайтын еді. Сондықтан 2024 жылғы бюджеттің орындалуы, оның картинасы Әлихан Смайылов сызып кеткен болжамды картинамен жүрді. Және алдын-ала бекітілген бұл есеп мүлде жарамсыз болып шықты. Сол себепті биыл Олжас Бектенов кабинеті қатаң салық реформасын жасап, бюджет кірістері мен шығыстарын толық бақылауға алуға шешім қабылдаған.

Олжас Бектеновтың бюджет пен мемлекеттік қаржы бойынша жұмысын 2025 жылғы қорытындыдан кейін бағалау керек. Ал салық реформасының алғашқы нәтижелерін біз 2026 жылдың аяғында көре бастаймыз. Сол кезде Жоғарғы аудиторлық палатаға өзінің барлық талантын көрсетуге жол ашылады.

Ал палатаның қазіргі «бес ешкіні жеп қойып ысқыруы» Астанадағы біраз адамның күлкісін келтіріп, біршама отырыстарда саяси андекдотқа айналып кетті. Бұл ұйым Палата статусына әлі тартпайтын сияқты. Сондықтан Есеп комитеті деген ескі атын қайтарып бере салған дұрыс.

https://t.me/dalainside




Forward from: Қазақша кітаптар
Айбар Олжаев - Алпысбай қарт: Ешкі мен Изабель

Баласы Гуглда істеген, немересі миллиардер болған.
Өзі нағыз қазақтың қайсар офицері. Талай адамның тағдырын дұрыс жолға сала білді. Енді ондай адамдар бола ма?




Forward from: Қазақша кітаптар
Жәди Шәкенұлы - Бозмұнар

Ж.Шәкенұлының бұл жаңа кітабына «Бозмұнар» романы мен үш хикаясы кірген. Шығарма арқауы бүгінгі күннің тақырыбын өзек етіп, онда өмірдің нәзік болмыстары, махаббат, шекара аталатын қызыл сызықтың кесірінен тағдыры талқыға түскен жандардың аянышты халі бәр-бәрі көркемдікпен бейнеленген. Соның ішінде шеттегі қазақтың бастан кешкен ауыр күндері, атамекенге оралу барысындағы әр түрлі көңіл-күйлері мен сан қилы сынақтағы сындарлы сәттері біршама терең суреттелген. Нарықтық экономика дәуіріне дүп келген қандастарымыздың Алматыдай ірі қаладағы бастан кешкендері арқылы жаңадан еңсе көтерген қазақ елінің басынан өткен мұнарлы күндер бейнесі де бірден көз алдыңызға келеді.

20 last posts shown.
OSZAR »