📊
«Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды▶️
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бәйтерек» холдингі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды.🎯Бағдарлама микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған. Несиелеудің басым бағыттары: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтауы.
🛍
Бағдарламаның негізгі шарттары:▫️
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды;
▫️
несие сомасы – инвестициялық мақсаттар үшін 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға – 3,5 млрд теңгеге дейін;
▫️
қаржыландыру мерзімі:— инвестициялық мақсаттар үшін – 10 жылға дейін;
— айналым қаражатын толықтыру үшін – 3 жылға дейін;
— қайта қаржыландыру үшін – қаржыландырылып жатқан қарыздың қалған мерзіміне дейін (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген несиелерге қатысты).
💵«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер тікелей несие берушілерге жүгінуі қажет. Қазіргі кезеңде
Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank-пен тиісті келісімдерге қол қойылды.
@funddamu