ГРАНТ ҰБТ 2025 | ГРАНТ ЕНТ 2025 UbtSmart


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


2025 ҰБТда САҒАН КЕРЕК КАНАЛ

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter




🎉 Сәлем, оқушылар! Қалдарың қалай?
Бүгін сіздерге керемет жаңалық бар! 😍

ТӨМЕНДЕГІ КАНАЛҒА ӘР ТІРКЕЛГЕН ОҚУШЫҒЫ ГРАНТ ҰБТ СЛИВПЕН 500тг ТЕГІН БЕРІП ЖАТЫР😍👇

https://t.me/+R7RIfQIbVwkxNzgy
https://t.me/+R7RIfQIbVwkxNzgy
https://t.me/+R7RIfQIbVwkxNzgy


ҰБТ тапсыратын оқушыларға сәттілік😘


БОЛШАҚ ПЕРВАШТАРҒА КЕРЕК КАНАЛ ⬇️

https://t.me/+R7RIfQIbVwkxNzgy


ҰБТ ТАПСЫРЫП БОЛҒАНДАР БАРМА?
Poll
  •   Жоқ
  •   Әлі 1 ұбт бар
  •   Ия
441 votes


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


жмб.docx
1.2Mb
гум.docx
1.1Mb
Алгебра ❤️
https://t.me/UbtSmart

Болашақ студенттер сендерге нағыз керек канал ( Перваш болғанда не істеу керек жатақхана не алу қалай ақша таба т.б) ❤️👇
https://t.me/+hrbYN2NTa41jZTky

38k 1 212 31 38

ҰБТ-ға дайындығымызды күшейту мақсатында бірнеше куиздерді бірден тапсыру мүмкіндігі беріледі айдары жалғасады🫶🏻

БАРЛЫҚ КУИЗДЕРДІ ТАПСЫРУ 8.05.2025 дейін қолжетімді❤️

https://quizizz.com/join?gc=66598164
1. Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығы.

https://quizizz.com/join?gc=47461652
2. Қазақ хандығының құрылуы, Қазақ жерінің біріктірілуі

https://quizizz.com/join?gc=15480084
3. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы

https://quizizz.com/join?gc=66860308
4. Тәуекел хан/ Есім хан

https://quizizz.com/join?gc=23213332
5. Жәңгір хан мен Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

БАРЛЫҒЫҢА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН😊

18k 0 331 28 34

Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚜️ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛДАР⚜️
⛔️1892 жылы- ТРАНССІБІР темір жолы🚞
⛔️1891-1893 жылы- ПАКРОВСКАЯ-ОРАЛ темір жолы🚞
⛔️1894 жылы-ЧЕЛЯБІ-ОМБЫ темір жолы🚞
⛔️1901-1906 жылы- ОРЫНБОР-ТАШКЕНТ темір жолы 🚞
⛔️1927-1931 жылы -ТҮРКІСТАН-СІБІР темір жолы
⛔️1950 жылы-МОЙЫНТЫ-ШУ темір жолы.


Пост пайдалы болса «🔥» бас😮‍💨

Достарыңа жіберуді ұмытпа😮‍💨🔥


1. Х-ХІІ ғасырларда бой көтерген қалалар: Сауран, Жент, Ашнас
2. ҰЖЖ бойындағы Жетісудағы қалалар: Алмалық, Талхиз
3. ҰЖЖ қатысы жоқ ақпарат: Теңіз жолдары ашылғаннан кейін гүлденді
4. Бөкей Ордасындағы көтеріліс қарсы бағытталды: Жәңгір ханға
5. Исатай мен Махамбет көтерілісінің С.Датұлы көтерілісімен ұқсастығы: Екі жақты күрес жүргізілді
6. Соңғы шайқас өткен жер: Ақбұлақ
7. Аристотельдің Оргон ілімінің бүкіл кешенін жинап ретке келтірді кім: Әл-Фараби
8. Қазақ хандығын Мамаш хан өлгеннен кейін Дешті Қыпшақта билеген хан: Тахир
9. 1924 ж Қазақ АКСР құрамына кірген облыс: Жетісу✅
10. Оңтүстік Сібірге үстемдігін орнатқан Түрік қағаны: Мұқан қаған
11. 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған басылым: Қазақ газеті
11. 2004 жылы ЮНЕСКО тізіміне енді: Тамғалы петроглифтері✅
12. 1989 жылғы жұмысшылар көтерілісі: Қарағанды кеншілерінің ереуілі✅
13. 1822-24жж. реформа- Сібір қырғыздары туралы жарғы, Орынбор қырғыздары туралы жарғы✅


Бүгінгі:
1. 67-68 жж реформа мақсаты? Империя басқару тәртібін енгізу✅
2. ⁠ 22-24 жж реформаны енгізу салдары ? Билердің жүйесі жойылып алым салық көбейді ма соны таңдап едім дұрыс болмады
3. ⁠1913-18 шыққан газет? Қазақ ✅
4. ⁠Мамаштан кейін келген хан? Тахир✅
5. ⁠Аристотельдің Органон еңбегін жинап реттеген? Әл Фараби✅
6. ⁠Ұлы Жібек Жолы бойында 10-12 ғғ пайда болған қалалар? Ашнас, Сауран деп белгіледімау ✅
7. ⁠2004 жылы ЮНЕСКО кірген? Тамғалы петроглифтері
8. ⁠Жетісу аймағына кірген? Алмалық, Талхиз ✅
9. ⁠Оңтүстік өңірдегі қалалардың өркендеуіне не себеп? ҰЖЖ бойында орналасуынан✅
⁠10. 1924 Қырғыз АКСР не кірген өңір? Жетісу✅
контекст 1836-39 көтеріліс келді

11.Көтеріліс қай өңірді қамтыды? Бөкей ордасы✅
12. Қай ханға қарсы шықты? Жәңгір✅
13. ⁠Шешу шайқас болған өзендер ? Ақбұлақ және тағы бір өзен болды ✅
14. ⁠ Сырым Д. мен Бөкей көтерілісшілердің ортақ белгісі? Екеуіде екі жақты күрес соғыс жүргізді✅
15. ⁠соңында көтерілістің 4 оқиғасы берілген,соңы жылдармен ретімен қою керек болды. Жәңгір қоршауға алынды, Исатай Жайық өзенің тартып алған казактарға қарсы шығу ма тартып алуға шақырды, тастөбеде қанды шайқас және көтерілісшілердің артынан қуып барды деген болды
16. ⁠1979 жылы жұмысшылар көтерілісі қай облысты қамтыды или болды? Қарағанды✅дедім, бірақ сұрақ дұрыс емес болды Теміртау оқиғасы 1959 жылы болған
17. ⁠Қазақ қоғамын негізінен қамтыған ? Қарасүйектер ✅
18. ⁠Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалар? Карта берілді сол жерден қарап таңдадым
19. ⁠ҰЖЖ туралы дұрыс дәйекті таңда


2 билет жауабы
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Жауап: Беғазы-Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) Орталық
Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр
қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40
шақырымдай жерде орналасқан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау,
шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына
дейінгі Нұра, Сарысу, Қаракеңгір өзендері бойлары
мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс
еткен.Қола дәуірінде және одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу
ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады.
Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған
зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу,
олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні,
жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет
өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Тұрғын үй құрылыстары
әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 - 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй
пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан
салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын
мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін
егумен, мал ш-мен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты
негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Олар Оңтүстік Оралдағы (Замарев
мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экономикалық
тығыз байланыста дамыды.Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп,
соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің
түрлері, қауымның әдет-ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді.
Беғазы-Дандыбай мәдениетін жарқын сипаттайтын белгілер: Дәндібай (1933), Беғазы (1946) Бұғылы ІІ-ІІІ
(1952), Саңғыру І,ІІІ (1955), Қойшоқы (1967) жәдігелері, т.б. ескерткіштер Беғазы-Дәндібай мәдениеті
ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар
археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бұл біздің ерте заман тарихымыздың бір
тарауы болып саналады. Қола, ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы. Бұл қорымнан әр түрлі қыш
ыдыстар мен қару-жарақтар, әшекей бұйымдар табылған.
2. Өз біліміңізді және тарихи дереккөзді пайдаланып, 1950-1980 жылдардағы орта білім беру
жүйесіндегіреформалардытүсіндіріңіз.
«Мектептің өмірмен байланысын нығайту және халыққа білім
беру жүйесін одан әрі дамыту» туралы заң Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағы. 1958 жыл
I ТАРАУ. Орта мектеп туралы
1-бап. Кеңестік мектептің басты мақсаты – оқушыларды өмірге, қоғамдық пайдалы еңбекке
дайындау, жалпы және политехникалық білім беруді дамыту.
4-бап. Орта білім беретін негізгі білім беру орындары:
а) сегізжылдық мектептен кейін халық шаруашылығы саласында жұмыс істеп, орта білім
алатын жұмысшы және ауыл жастарының мектебі – кешкі орта білім беру мектептері. Оқу мерзімі
3 жыл деп белгіленсін.
б) орта жалпы білім беретін политехникалық 3 жылдық мектептер. в)
техникумдар және басқа арнайы орта білім беру орындары.


6-бап. .... мектептердің материалдық базасын нығайту, көпауысымды оқуды жою, өндірістік
білім беруді ұйымдастыру, жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім беру және өндірісте
тәжірибе алуды ұйымдастыру.
Жауабы : 1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 ж. жалпы білім
беретін 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды.
1954 ж. тың игеру науқаны кезінде елде 1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж.
республика бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар
жасау мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев,
А.Ысқақов, Т.Қордабаев, Ә.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі
ғалымдар айналысты. Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мәселелер де туындады. Орталық
Қазақстанға Ресей, Украина, Молдова, Беларусь республикаларынан тың көтеру науқанымен мыңдаған
отбасылардың қоныс аударуына байланысты көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе
таза орыс мектептеріне айналдырылды. Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден астам қазақ мектебі жабылды,
қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап таралымы құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс
мектептерінде оқуға мәжбүр болды. Мың жарымнан астам аралас орыс-қазақ мектептері пайда болды. Осыған
байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің
рөлін төмендетіп жіберді. 1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7
жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 – 63 оқу жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске
асыру заңы оқудың сапасына кері әсер етті, талап төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Орыс
тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде
жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кеми түсті. 1980 – 90 ж. елімізде халыққа
жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ
ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта
білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектептегі оқу
ісі мемлекеттік білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды, көп
қаржы жұмсауды және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның бірінші кезеңі 1994 – 97 ж.,
жалпы білім беретін мектептерді толық білім стандартына көшіру ісін аяқтау 2001 – 02 жылдарды қамтыды.
Жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. Белгілі бір білім салаларына икемі бар
балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу, оқуды тегін оқытумен қатар жекелеген ақылы
мектептер ашу ісі де жүргізілді.
3. «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары білім беру
жүйесі қалыптасуда». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін
бірнеше дәлелдер мен дәйектер келтіріңіз.
Жауабы: Тәуелсіздіктің 30 жылында елімізді дүниежүзі танып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың ерен еңбегі мен сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-
рухани жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әлем таныған тәуелсіз мемлекетке
айналды. Тәуелсіздік – біздің мәңгілік рухани құндылығымыз, халқымыздың бағы мен бақыты. Білім мен
ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен
бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды.
Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті.


Тәуелсіздіктің 30 жылында білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық негізі, әлемдік
білім кеңістігіне интеграцияланған қазақстандық білім беру жүйесі қалыптасты. Саланың 30 жылдық тарихына
көз жіберер болсақ, оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Егер 1991-1994 ж.ж. – білім беру
саласының заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру кезеңі десек, 1995-1998 ж.ж. –
білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңартуға күш салынды. Ал 1999 – 2004 ж.ж. – білім беруді басқару
мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру мәселелеріне көңіл бөлінді, 2005-2010
ж.ж. – білім беру жүйесі нарықтық экономикаға бейімделді. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – жаңа кезең,
инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық
моделі қалыптасты.Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылда алған асулары мен бағындырған белестерін білім мен
ғылым салалары бойынша саралағанда білім беру мен ғылымды дамытуда халықаралық білім мен ғылым
кеңістігінде өзінің лайықты орнын алғанына аса мән беріп, дамығанына көз жеткізіп отырмыз


2 билет жауап

Ұлы Далада көшпелі мал шаруашылығының пайда болуын сипаттаңыз.

(5 балл)

Көшпелі мал шаруашылығы — Ұлы Далада қалыптасқан ең негізгі шаруашылық түрі. Ол табиғи-климаттық жағдайларға бейімделіп пайда болды.
• Қазақстан аумағында жазық дала, шөл және шөлейтті аймақтар кең таралған, бұл жерлер егіншілікке қолайсыз болғанымен, мал бағуға өте қолайлы болды.
• Мал шаруашылығы — көшуге, жайылым ауыстыруға мүмкіндік береді.
• Жылқы, түйе, қой секілді жануарлар табиғи ортаға жақсы бейімделіп, адам өміріне қажетті өнімдерді (ет, сүт, жүн, тері) беріп отырды.
• Қоғамның дамуына қарай көшпелі шаруашылықтың түрлері де: жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы қалыптасты.



2. Өз біліміңізді және ұсынылған суреттерді пайдаланып, Орталық Азия халықтарының әлемнің материалдық мәдениетіне қосқан үлесін түсіндіріңіз.

(10 балл)

Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениетке қосқан үлестері:
• Андрондық әскери арба (жаңғыртпа) – Бұл арба ежелгі заманда әскери іс пен тасымалдауда кең қолданылды. Ол соғыс техникасының дамуына негіз болды.
• «Алтын адам» (Есік қорғаны) – Бұл археологиялық олжа қазақ даласындағы зергерлік өнер мен шеберліктің жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді. Алтынмен апталған киім мәдени мұра ретінде ерекше маңызға ие.
• Садақ пен жебе – Көшпелі халықтардың негізгі әскери қаруы. Бұл құралдар соғыс өнері мен аңшылықта кең қолданылып, әскери стратегияның дамуына әсер етті.
• Киіз үй – Орталық Азия халықтарының инженерлік және сәулет өнерінің озық үлгісі. Жиналмалы әрі ыңғайлы баспана, климаттық жағдайға бейімделген.

Бұл мәдени жетістіктер әлемдік өркениетке үлкен үлес қосты: әскери технология, сәулет, қолөнер және тұрмыстық жаңалықтар арқылы.



3. «Қазақстан бірінші бесжылдықта (1928–1932 жж.) индустриялды-аграрлы елге айналды». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектер келтіріңіз.

(15 балл)

Жауап: Бұл тұжырыммен ішінара келісуге болады, себебі:

Дәлелдер:
• Индустрияландыру басталды: Түркістан-Сібір теміржолы салынды, Қарағанды көмір бассейні, Риддер қорғасын зауыты сияқты ірі өндіріс ошақтары іске қосылды.
• Ауыл шаруашылығы ұжымдастырылды: Ұжымдастыру арқылы ірі кеңшарлар мен колхоздар құрылды.

Теріс салдары:
• Асыра сілтеу мен зорлық-зомбылық нәтижесінде миллиондаған мал жойылып, халық ашаршылыққа ұшырады (1931-1933 жж. ашаршылық).
• Көшпелі және жартылай көшпелі халық отырықшылыққа мәжбүр болды, бұл олардың өмір салтына кері әсер етті.
• Репрессиялар мен халықтың қоныс аударуы салдарынан әлеуметтік күйзелістер болды.

Қорытынды: Қазақстан индустрияландыру жолына түскенімен, бұл процесс жоспарсыз, күшпен жүзеге асырылып, халыққа ауыр тиді. Сондықтан, индустриялды-аграрлы елге айналу формалды түрде жүзеге асты, ал шынайы әлеуметтік-экономикалық нәтиже теріс сипат алды


2025 емтихан
#8 билет жауабы:
1. Ұлттық бірлікті және ұлтаралық келісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттаңыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың негізгі тіректерінің бірі. Ол 1995 жылы құрылып, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтауға және дамытуға жағдай жасайды. Ассамблея арқылы этносаралық келісім саясаты жүргізіліп, диалог алаңы құрылды. Ассамблеяның бастамасымен түрлі форумдар, фестивальдер, ғылыми жобалар жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар ол заң шығару процесіне де қатысады. Осы арқылы ұлттық бірлік пен бейбітшілікке негізделген қазақстандық үлгі қалыптасты.
2. Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көші-қон саясатының басты бағыты – этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтару. Бұл саясат «оралман», кейін «қандас» мәртебесін беру арқылы жүзеге асуда. Репатриацияның мақсаты – демографиялық жағдайды жақсарту, еңбек нарығын толықтыру және ұлттық бірлікті нығайту. Қандастар негізінен Өзбекстан, Қытай, Түрікменстан, Моңғолиядан келеді. Олар білім, медицина, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек жағынан Қазақстан азаматтарымен тең құқықтарға ие. Бұл саясат Қазақстан халқының санын арттырып қана қоймай, этностық тұтастықты нығайтудың да құралына айналды.
3. «Моңғол шапқыншылығы ХІІІ-ХV ғасырларда Еуразия кеңістігінің саяси картасын түбегейлі өзгертті». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз?
Бұл тұжырыммен толық келісемін. XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы Еуразияның саяси құрылымын мүлде өзгертті. Біріншіден, моңғолдар көптеген дербес мемлекеттер мен хандықтарды жойып, олардың орнына ірі империя құрды (мысалы, Алтын Орда). Екіншіден, шапқыншылық салдарынан көптеген қалалар күйреді, халық саны азайды, әлеуметтік құрылымдар өзгерді. Үшіншіден, Жібек жолының қауіпсіздігі артты, мәдени және сауда байланыстары күшейді. Моңғол билігі астында түрлі халықтар араласып, жаңа этносаяси бірлестіктер пайда болды. Осылайша, шапқыншылық тек жойқын соғыс емес, жаңа тарихи кезеңнің басталуына себеп болды.


10-шы билеттің жауаптары:

1. ХІХ ғасырдың 20-жылдарындағы патшалық үкіметтің Қазақстанда жүргізген
әкімшілік реформаларының салдарын анықтаңыз.
Жауабы: ХІХ ғасырдың 20-жылдарында патшалық үкімет Қазақстанда бірнеше әкімшілік реформаларды
жүзеге асырды, олардың салдары елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылымына айтарлықтай әсер
етті. Міне, негізгі салдарлары: Әкімшілік бөлініс: Патшалық үкімет Қазақстанды әкімшілік жағынан уездер
мен округтерге бөлді. Бұл реформалар жергілікті басқару жүйесін қайта құрып, қазақ халқының дәстүрлі
басқару құрылымын әлсіретті. Жер мәселесі: Реформалар барысында қазақ жерлері Ресей империясының
әкімшілік басқаруына өтті. Қазақтардың жерлері орыс шаруаларына бөлініп, олардың дәстүрлі мал
шаруашылығына нұқсан келтірді. Бұл жер даулары мен қақтығыстардың туындауына себеп болды. Салық
салу: Патшалық үкімет салық жүйесін енгізіп, қазақ халқының экономикалық жағдайын нашарлатты. Жаңа
салықтар мен міндеттер халықтың күнкөрісін қиындатты, әлеуметтік теңсіздікке алып келді. Білім беру жүйесі:
Реформалар білім беру жүйесін дамытуға ықпал етті, орыс мектептері мен оқу орындары ашылды. Бұл қазақ
жастарының білім алуына жаңа мүмкіндіктер туғызды, бірақ сонымен қатар орыс мәдениетінің әсерін күшейтті.
Саяси құқықтар: Патшалық үкімет қазақтардың саяси құқықтарын шектеді. Қазақтар мемлекеттік басқару ісіне
қатысу мүмкіндігінен айырылды, бұл олардың саяси белсенділігін төмендетті. Этникалық және мәдени
ассимиляция: Реформалар барысында орыс мәдениетінің ықпалы күшейіп, қазақ халқының дәстүрлері мен
мәдениетіне қауіп төнді. Қазақтардың ұлттық идентификациясы мен мәдени ерекшеліктері қысымға ұшырады.
Қарулы көтерілістер: Патшалық реформалардың нәтижесінде қазақ халқы арасында наразылық туындап, 1837-
1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс сияқты қарулы көтерілістер орын алды. Осылайша,
ХІХ ғасырдың 20-жылдарындағы патшалық үкіметтің әкімшілік реформалары Қазақстанның әлеуметтік,
экономикалық және саяси құрылымына терең өзгерістер енгізіп, халықтың өміріне ұзақ мерзімді әсер етті.


2025 емтихан
9 билет жауабы:
1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын сипаттаңыз.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері – ұлттық болмыстың негізі, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан рухани құндылықтар. Басты салттарға шілдехана (нәресте туған кездегі қуаныш), тұсаукесер (баланың алғашқы қадамы), сүндет той, құда түсу, беташар, келін түсіру, асы беру, той жасау жатады. Әдеп-ғұрыптарда үлкенді сыйлау, қонақ күту, амандасу, бата беру секілді моральдық-этикалық нормалар бар. Бұл дәстүрлер қоғамдағы тәртіпті, отбасылық және ұлттық бірлікті сақтау үшін маңызды рөл атқарған.
2. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын түсіндіріңіз.
Қазақ хандығының құрылуына бірнеше себеп әсер етті. Біріншіден, Әбілхайыр хан билігіне наразы болған ру-тайпалар сұлтандар Жәнібек пен Керейдің төңірегіне топтасты. Екіншіден, Моғолстан ханы оларға жер беріп, жаңа қонысқа тұрақтауына мүмкіндік жасады. Үшіншіден, Әбілхайыр ханның өлімінен кейін оның мемлекеті әлсіреп, билікке талас басталды. Осы жағдайларды тиімді пайдаланған Жәнібек пен Керей халықты төңірегіне жинап, дербес Қазақ хандығын құрды. Бұл – қазақ руларының тәуелсіздікке ұмтылуының көрінісі болды.
3. «Қожа Ахмет Яссауи – исламдағы «түркі» танымының негізін қалады». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз?
Бұл пікірмен келісуге болады. Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімді түркі халықтарына бейімдеп, ислам дінін кеңінен таратуда үлкен рөл атқарды. Біріншіден, ол түркі тілінде жазған «Диуани Хикмет» еңбегі арқылы исламды халыққа түсінікті тілде насихаттады. Екіншіден, оның ілімі адамгершілік, кішіпейілділік, әділдік сияқты құндылықтарға негізделді. Үшіншіден, оның жолын ұстанған көптеген сопылар мен діни тұлғалар Орта Азия мен Қазақстанда исламның терең тамыр жаюына себеп болды. Яғни Яссауи ислам мен түркілік дүниетанымды ұштастырған рухани көшбасшы болды.


2025 емтихан
#11 билет жауабы:
1. Орталық Азияның отырықшы-егіншілік өркениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Орталық Азияның отырықшы-егіншілік өркениеті көбінесе ирригациялық жүйелерді қолданумен байланысты болды. Бұл аймақтағы қоғамның негізгі тіршілік көзі егіншілік болды, әсіресе суармалы егіншілік дамыды. Әртүрлі мәдениеттер, соның ішінде қола және темір дәуірінің тұрғындары, егін шаруашылығына көп көңіл бөлді, бұл жерде бидай, арпа, күріш, жүгері және көкөністер өсірілді. Отырықшы мәдениеттегі қалалар мен қоныстар жиі шекаралық және сауда орталықтары ретінде қызмет атқарды. Орталық Азияда бұл өркениеттің дамуына қолайлы климаттық жағдайлар мен су ресурстары әсер етті. Сонымен қатар, бұл аймақта металлургия, керамика, текстиль өнеркәсібі дамыды.
2. Ежелгі және түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістердің дамуын түсіндіріңіз.
Қазақстан аумағындағы этногенез бен этникалық үдерістердің дамуы ұзақ тарихи кезеңдерге созылды. Қола дәуірі мен темір дәуіріндегі тайпалар, мысалы, сақтар, сарматтар, үйсіндер және қаңлылар өздерін түрлі этникалық топтар ретінде қалыптастырды. Бұл кезде түрлі тілдік және мәдени ықпалдастықтар байқалды, әсіресе иран тілдес тайпалар мен түркі тілдес халықтар арасында. Қазақ халқының этногенезі сақтар мен үйсіндерден бастау алып, кейін түркі дәуірінде қаңлы, қарлұқ, кимектер және өзге де түркі тайпаларының қосылуы арқылы дамыды. Түркі дәуірінде этникалық процестердің жүрісі Қазақстанның лингвистикалық және антропологиялық ерекшеліктерін қалыптастырды. Бұл үрдіс қазақ халқының өзінде ұлттың этникалық және тілдік тұтастығын айқындауға мүмкіндік берді.
3. «Шоқан Уәлиханов Қазақстанда либералдық-демократиялық идеяны қалыптастыра алды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектер келтіріңіз.
Мен бұл пікірмен келісемін, өйткені Шоқан Уәлиханов өзінің зерттеулерінде және шығармаларында Қазақстанның саяси және әлеуметтік құрылымдарын сын көзбен қарастырып, либералдық және демократиялық идеяларды ұсынды. Оның қазақ қоғамы мен тарихын зерттеуі қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін және құқығын жоғары бағалауға негізделді. Сонымен қатар, ол Ресей империясындағы шектеулер мен кемсітулерге қарсы болды, халықтың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды жақтады. Оның «Даладағы халықтың құқықтық жағдайы», «Қырғыздар туралы жазбалар» сияқты еңбектері оның демократиялық идеяларының айқын көрінісі болды. Шоқанның қазақ жерінің тәуелсіздігі мен халықтың құқықтары үшін күрескен ойлары Қазақстандағы либералдық идеялардың қалыптасуына ықпал етті.


#18 билеттің жауабы:
1. Қазақ халқының ою-өрнектер символикасының ерекшеліктері
Қазақ ою-өрнектері – ұлттық мәдениеттің көркемдік бейнесі мен философиялық мәнін білдіретін элементтер. Әрбір өрнек белгілі бір мағынаға ие: өсімдікке, жануарға, ғарышқа немесе адамның өміріне байланысты. Мысалы, «қошқар мүйіз» өрнегі – байлық пен молшылықтың, «түйетабан» – тұрақтылықтың, «ирек» – су мен өмірдің белгісі. Ою-өрнектердің символдық мазмұны терең, олар тек әшекей емес, халқымыздың дүниетанымын бейнелейді. Ою-өрнек тек киімде емес, үй жиһаздарында, зергерлік бұйымдарда және сәулет өнерінде де қолданылды.
2. Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси көзқарастары
Әлихан Бөкейханов – қазақтың алғашқы саяси көсемдерінің бірі, Алаш қозғалысының жетекшісі. Оның көзқарастары ұлттық тәуелсіздік пен демократиялық мемлекет құру идеясына негізделді. Ол жер мәселесін басты орынға қойып, қазақ жерін сақтап қалуды көздеді. Сонымен қатар, ұлттық байлықтың халық игілігіне жұмыс істеуін талап етті. Әлиханның пікірінше, қазақ мемлекеттігінде тіл мен діл сақталып, ұлттық бірегейлік үстем болуға тиіс. Ол ғылым мен білімнің маңызын жоғары қойып, ұлттық негіздегі, заманауи мемлекет құруды мақсат етті. Бұл көзқарастар оның терең саяси ойшыл және өз халқына адал қайраткер болғанын көрсетеді.
3. Орта білім беру саласындағы инновациялар оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырды деген пікірмен келісемін. Соңғы жылдары Қазақстанда білім беру мазмұны жаңартылып, критериалды бағалау жүйесі енгізілді.Бұл оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, үш тілде білім беру, STEM пәндерін дамыту, цифрлық білім ресурстары қолдану арқылы білім сапасы артты. PISA сынды халықаралық бағалауларда қазақстандық оқушылардың нәтижелері жақсарып келеді. Бұл – білім беру саласындағы реформалар мен инновациялардың тиімділігінің айғағы.

20 last posts shown.
OSZAR »