OFF SIDE | FOOTBALL


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Спорт


Следим за футболом вместе! ⚽️📺
Лучшее информативно-развлекательное сообщество о футболе!
Ссылка для приглашение - https://t.me/+fItuFhbxcw8wNmRi

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Адам Лаллана мансабын аяқтады

❌ 37 жастағы ойыншы әлеуметтік желіде мансабына нүкте қойғанын хабарлады.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ол «Саутгемптон», «Борнмут», «Ливерпуль» және «Брайтонда» ойнады. Сондай-ақ Англия құрамасының да намысын қорғаған еді.

😗 603 матч
⚽️ 89 гол
🅰️ 78 ассист
🏆 4 трофей.


Ислам Чесноков Шотландияның клубына ауысуға жақын

🤝Edinburgh News хабарлауынша, «Хартс» пен Ислам алдына ала келісімге келіп қойыпты.

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 «Жүректер» Чесноковты осы жазда қатарына қосқысы келеді.

💚 Бірақ вингердің «Тобылмен» келісімшарты 2025 жылдың қазан айында аяқталды.

⏳ «Хартс» қысқа қалдырмау үшін қостанайлықтармен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ «Тобыл» жазда жібергісі келмейді екен.

😢 Егер қос клуб келісе алмаса, шотландиялықтар келісімшарттың аяқталғанын күтеді. Алайда Исламды тек қаңтар айында тіркей алады.


«Бенфика» «Баварияны» жеңіп, топтан бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті 🔥


«Челсидің» үш ойыншысы 3-тур матчына қатыспауы мүмкін

🤕 Энцо Маресканың айтуынша, Рис Джеймс ауырып қалып, жаттығуға қатыса алмаған.

🤔 Сондай-ақ жаттығу да болса да, Леви Колвиллдің жағдайы мәз емес екен.

❌ Ал Николас Джексон қызыл қағаз алуына байланысты «Эсперансқа» қарсы матчта ойнамайды.

🔁 Сондай-ақ Мареска бұл ойында ротация болатынын айтты.


Руни «Барселонаға» ауысады

⏳Фабриционың хабарлауынша, Руни Бардагджи келесі апта «блауграна» ойыншысы атанады екен.

🇪🇸 «Барса» 19 жастағы вингер үшін «Копенгагенге» 2 млн еуро және бонус береді.

🇩🇰 Сондай-ақ даниялықтар келесі сатылымнан түскен ақшаның шамамен 15%-ын алады.


Килиан Мбаппе жаттығуға оралды

🇪🇸«Реал М» шабуылшысы гастроэнтеритке байланысты КӘЧ-2025 екі матчынан тыс қалған еді.

🆚 Енді топтық кезеңнің 3-туры аясындағы «Зальцбургке» қарсы ойынға қатысуы мүмкін.

🏆 Мадридтіктер екі турдан кейін төрт ұпай жинап, көш бастап тұр.


Ыдырысты енді қыдырыс күтіп тұр

❌ Дрис Мертенс
мансабын аяқтайтынын хабарлады.

📆 38 жастағы шабуылшының соңғы ойыны 3 шілде күні өтетін Марек Гамшиктің қоштасу матчы болмақ.

🇮🇹 Мертенс мансабында АГОВВ, «Утрехт», ПСВ, «Наполи» және «Галатасарай» сапында ойнады. Сондай-ақ Бельгия құрамасының намысын қорғаған.

😗 929 матч
⚽️ 292 гол
🅰️ 258 ассист
🏆 10 трофей.


КӘЧ-2025 топтық кезеңінің 2-турында тіркелген нәтижелер

А тобы:

🇧🇷 Палмейрас 2:0 Әл-Ахли 🇪🇬
🇺🇸 Интер Майами 2:1 Порту 🇵🇹

В тобы:
🇺🇸 Сиэтл 1:3 Атлетико 🇪🇸
🇫🇷 ПСЖ 0:1 Ботафого 🇧🇷

С тобы:
🇵🇹 Бенфика 6:0 Окленд 🇳🇿
🇩🇪 Бавария 2:1 Бока Хуниорс 🇦🇷

D тобы:
🇧🇷 Фламенго 3:1 Челси 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
🇺🇸 Лос-Анджелес 0:1 Эсперанс 🇹🇳

Е тобы:
🇮🇹 Интер 2:1 Урава 🇯🇵
🇦🇷 Ривер П 0:0 Монтеррей 🇲🇽

F тобы:
🇿🇦 Мамелоди 3:4 Боруссия 🇩🇪
🇧🇷 Флуминенсе 4:2 Ульсан 🇰🇷

G тобы:
🇮🇹 Ювентус 4:1 Видад 🇲🇦
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ман Сити 6:0 Әл-Аин 🇦🇪

H тобы:
🇪🇸 Реал М 3:1 Пачука 🇲🇽
🇦🇹 Зальцбург 0:0 Әл-Хиләл 🇸🇦

✅ «Фламенго», «Бавария», «Ман Сити» және «Ювентус» плей-офф кезеңіне шығып қойды.


Грипши соққан жалғыз гол «Астанаға» жеңіс сыйлады 🔥


Войцех Шченсны «Барселонада» қалады

«Войцех жаңа келісімшартқа қол қойып, бізде қалады», – деді Деку.

✍️ Қос тарап 2027 жылдың жазына дейін жарамды келісімге қол қояды. Қазір ресми қағаздарды дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр екен.

🇪🇸 35 жастағы қақпашы «блаугранада» 2024 жылдың қазан айынан бері ойнап келеді.


🔴 АҚТӨБЕ — АСТАНА 🔵

🇰🇿 ҚПЛ-ДЕГІ БАС МАТЧ

⭐️ ОЙЫНҒА БОЛЖАМ ЖАСА

⏪ 20 000 ₸-ҒА ДЕЙІН ҚАЙТАРЫП АЛ

👉 «ТӘУЕКЕЛСІЗ БӘС» ОСЫНДА 👈
👉 https://1xbt.fun/3zEYJJP
🔝🔝🔝

🎁 MILIV24 промокоды арқылы 390 000 ₸-ҒА ДЕЙІН АЛУҒА БОЛАДЫ!
💰 Матч басталғанша бонусыңды алып үлгер! ⚽️⚽️⚽️

👉 БӘС ЖАСА


Бразилиялықтар қатты дайындалып келіпті

🇧🇷 Клубтар арасындағы Әлем чемпионатына төрт командасы қатысып жатыр және мүлде жеңілмеді.

✅ Сондай-ақ төртеуі де өз тобында көш бастап тұр.

🇧🇷 Палмейрас 0:0 Порту 🇵🇹
🇧🇷 Ботафого 2:1 Сиэтл 🇺🇸
🇧🇷 Фламенго 2:0 Эсперанс 🇹🇳
🇧🇷 Флуминенсе 0:0 Боруссия 🇩🇪
🇧🇷 Палмейрас 2:0 Әл-Ахли 🇪🇬
🇧🇷 Ботафого 1:0 ПСЖ 🇫🇷
🇧🇷 Фламенго 3:1 Челси 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
🇧🇷 Флуминенсе 4:2 Ульсан 🇰🇷


«Реал Овьедо» Ла Лигаға оралды

🇪🇸«Көктер» Сегунда плей-офф финалының қос матчында (0:1, 3:1) «Мирандестен» басым түсті.

🇪🇸 Осылайша араға 24 жыл салып жоғарғы дивизионға жолдама алды. Соңғы рет 2000/01 жылғы маусымда ойнаған еді.

🔥 Қарымта матчта клуб сапынан 40 жастағы Санти Касорла гол соқты. Сондай-ақ ол жартылай финалда да көзге түскен еді.


🇧🇷 Бразилиялықтар мықты дайындалып келіпті 💪


Хаби Алонсо жаңа деңгейге шықты

🇪🇸«Реалдың» жаңа бапкері жаттығу кезінде дрон пайдаланып жүр.

Осы арқылы ойыншылардың қимылын нақты бағалап, жақсы талдау жасауға мүмкіндік береді.

✅ 43 жастағы маман бапкерлік мансабында алғаш рет мұндай қадамға барды.


Ресми: Флориан Вирц – «Ливерпуль» ойыншысы

✍️ Қос тарап 2030 жылға дейін жарамдв келісімшартқа қол қойды.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🇩🇪 «Ливерпуль» 22 жастағы ойыншы үшін «Байерге» бонуспен қоса есептегенде 136,3 млн еуро төледі.


Милош Керкез «Ливерпуль» ойыншысы атанады

🤝 Фабриционың хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келіпті.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Қызылдар» 21 жастағы қорғаушы үшін «Борнмутқа» 40 млн фунт төлейді.

🩻 Керкез жақында медициналық тексерістен өтеді.


Маскерано Лионель Мессидің жарақатпен ойнағанын айтты

«Месси «Портуға» қарсы матчта жарақатпен ойнады. Бұлшық етінің ауырғанына қарамастан, дәл солай жүгіруі миға сыймайды. Оның бұл ойынға қатысуы екіталай болған». – деді «Интер Майами» бас бапкері.
🇺🇸 Флоридалықтар КӘЧ-2025 2-турында «Портуды» 2:1 есебімен жеңген еді.


Лео Месси Пелеге жақындай түсті

🇺🇸 «Интер Майами» дүлдүлі тікелей айып соққысынан соғылған голдарының санын 68-ге жеткізді:

1️⃣ 🇧🇷 Жуниньо – 77 гол
2️⃣ 🇧🇷 Пеле – 70
3️⃣ 🇦🇷 Лионель Месси – 68
4️⃣ 🇧🇷 Роналдиньо – 66
4️⃣ 🇦🇷 Виктор Легроталье – 66
6️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Дэвид Бекхэм – 65
7️⃣ 🇵🇹 Криштиану Роналду – 64.


Жаңа ережеге екі рет куә болдық

⏰ «Ульсан» – «Мамелоди» матчында Ронуэн Уильямс допты сегіз секундтан артық ұстады.

😗 Осыған байланысты Клеман Тюрпен қарсыластың пайдасына бұрыштама белгілеп, бұл ережені қолданған алғашқы төреші атанды.

🇪🇸🇸🇦 Сондай-ақ «Реал» – «Әл-Хиләл» ойынында Яссин Буну да дәл осылай жазаланды.

Показано 20 последних публикаций.
OSZAR »