Ғаламат Футбол


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Каналға тіркелу үшін👇
✍️Үш нүктені басып, браузерге өтіңіз!
Спорт жайлы ақпараттар салатын номері бірінші арна.
Жарнама бойынша: @Bakdaurenn

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


😍 Бүгінгі күннің басты матчы:

🏆 КӘЧ, 3-тур:

🇮🇹Ювентус — Манчестер Сити 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

⏰ 00:00

🤔 Кім жеңіске жетеді?


Ресми: Роналду «Әл-Насрмен» 2027 жылға дейін келісімшартын ұзартты!

Португалиялық аңыз шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен жаңа келісімге келді. Жаңартылған келісімшарт бойынша ол 2027 жылдың жазына дейін команда сапында өнер көрсететін болады.

Бұл шешім Роналдудың клубқа, жанкүйерлерге және Сауд Арабия футболының дамуына деген сенімін көрсетеді. Криштиану қазіргі таңда команда капитаны әрі негізгі шабуылшысы болып саналады, және оның тәжірибесі мен мотивациясы «Әл-Насрды» алдағы маусымдарда жоғары нәтижелерге жетелейді деп күтілуде.

Келісімшарттың ұзартылуы Роналдудың футболдағы мансабын әлі де жалғастыра беретінін және «Әл-Насрмен» бірге жаңа белестерді бағындыруға ниетті екенін білдіреді.


🔴 Ресми: Милош Керкез "Ливерпуль" ойыншысы атанды

✍️ Келісімшарт 2030 жылдың жазына дейін жарамды.


⚡️ «Барселона» Маркус Рэшфорды жалға алғысы келеді

The Times дерегінше, «Барселона» шабуылшы Маркус Рэшфорды бір маусымға жалға алу туралы ұсыныс дайындап жатыр. Каталондықтар ойыншының жалақысының бір бөлігін төлеуге де дайын.

🔹 Бас бапкер Ханси Флик Рэшфордтың ойынын жоғары бағалайды және оны шабуыл шебінде маңызды ойыншы ретінде көріп отыр.

🔹 «Манчестер Юнайтед» бастапқыда Рэшфорды толықтай сату жоспары болғанымен (~40 миллион фунт сұрайды), жалға беру нұсқасына да ашық.

Маркус қазіргі таңда Барсаға ауысуға оң көзқараспен қарап отыр.


Неймар ешқайда бармайтын болды

✔️ Ресми: Неймар Жуниор "Сантоспен" келісімшарт мерзімін 2025 жылдың соңына дейін ұзартты.

🤑 Ойыншы клубта айына 700 мың еуро алады.

Дұрыс шешім бе?


💣 HERE WE GO

❤️ Кристиан Нергор – "Арсенал" ойыншысы атанады.

💰 Лондондық клуб 31 жасар ойыншы үшін "Брентфордқа" €11 млн еуро төлейді.

📰 Фабрицо Романо


Лука Модрич "Милан" ойыншысы атанады

🇮🇹 "Милан" КӘЧ турнирі аяқталғаннан кейін Хорватиялық ойыншыны ресми түрде таныстырады.

✅ Қос тарап толықтай келісімге келді. Тек медициналық тексерістен өтіп, тиісті құжаттарға қол қойу ғана қалды.

🇮🇹 Фабрицио Романо


😍 Бүгінгі ойындар тізімі:

🏆 КӘЧ. Топтық кезең. 3-тур:
⏰ 00:00. Ювентус – Ман Сити
⏰ 00:00. Видад – Әл-Аин
⏰ 06:00. Зальцбург – Реал М
⏰ 06:00. Әл-Хиләл – Пачука

Болжамдарың қандай?


Криштиану қалады

🟡 Криштиану Роналду "Әл-Наср" мен арадағы келісімшартты ұзартады.

✍️ 40 жасар шабуылшы Саудиялық клубпен 1 немесе 2 жылға жарамды келісімшартқа қол қояды.


“Мальорка” Пабло Торреден бөлек Руни Барджиді де жалға алғысы келеді

Жерар Ромероның хабарлауынша, “Мальорка” клубы “Барселонадан” жас шабуылшы Пабло Торрені ғана емес, сонымен қатар швед вингері Руни Барджиді де жалға алуға ниет білдіріп отыр.

Қазіргі таңда екі клуб арасында келіссөздер жүргізілуде. Каталондықтар Рунидің әлеуетін өте жоғары бағалайды, сол себепті оның болашағы үшін ең тиімді шешімді таңдауға тырысуда. Барджи былтырғы маусымда “Барса Атлетик” сапында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, бірнеше еуропалық клубтардың назарына іліккен болатын.

“Мальорка” бұл трансфер арқылы өз құрамын күшейтуді көздеп отыр. Егер келісім жүзеге асса, жас футболшылар Ла Лиганың негізгі деңгейінде тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік алады.


Нико Уильямс “Барселонаның” маусым алдындағы дайындық жиынына қатысады

Diario Sport хабарлағандай, “Атлетик Бильбао” клубының шабуылшысы Нико Уильямс “Барселонамен” бірге жазғы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысады. Каталониялық клуб бұл талантты ойыншыны өз сапына қосуды жоспарлап отыр.

Футболшының келісімшартындағы өтемақы сомасы — шамамен 58 миллион еуро — 1 шілде күні төленуі тиіс. Егер бұл төлем жүзеге асса, Уильямс ресми түрде “Барселона” ойыншысы атанады. Жанкүйерлер оны қанаттағы басты үміттердің бірі ретінде көріп отыр.

Қазіргі таңда Нико Испания құрамасының негізгі ойыншыларының бірі ретінде Еуро-2024 турнирінде жарқырап көзге түсті. Оның жылдамдығы мен дриблингтегі шеберлігі “Барсаның” шабуыл шебіне үлкен серпін бермек.


💣 HERE WE GO

❤️ Кепа Аррисабалага "Арсенал" ойыншысы атанады.

💰 "Арсенал" трансфер үшін €5 млн еуро жұмсайды.

📰 Фабрицо Романо


🟡 Ресми: "Әл-Наср" Стефано Пиолиді жұмысынан босатты

❌ Екі тарап арадағы келісімшартты бұзды.

🟣 59 жасар маман "Фиорентина" бас бапкері атануы мүмкін.


Хулиан Альвареске осы жылы дым бұйырмады

👀 25 жастағы қорғаушы мансабында алғаш рет маусымды жүлдесіз аяқтады:

❌ Ла Лига да үшінші орын
❌ Чемпиондар лигасы 1/8 финал
❌ Испания кубогы 1/2 финал
❌ КӘЧ топтық кезең.

🇪🇸 Еске салсақ Хулиан осыған дейін 2018 жылдан бері кем дегенде маусымына бір жүлде жеңіп келген еді.


💣 HERE WE GO

🇫🇷 Поль Погба — "Монако" ойыншысы атанады!

✍ Ойыншы клуб пен келсемге келі ал келсімшарт мерзімі 2027 жылға дейін жарамды, және жаңа келсімшартқа қол қояды.


💣 HERE WE GO

🇫🇷 Ансу Фати – "Монако" ойыншысы атанады!

✍ "Барселона" ойыншыны сатып алу мүмкіндігімен жалға берді.

🇮🇹 Фабрицио Романо


😍 Бүгінгі ойындар тізімі

🏆 КӘЧ, 3-тур:

⏰ 00:00. Боруссия Д – Ulsan HD
⏰ 00:00. Мамелоди Сандаунс – Флуминенсе
⏰ 06:00. Интер – Ривер Плейт
⏰ 06:00. Урава – Монтеррей

🇰🇿 Қазақстан Кубогы, 1/2 финал:

⏰ 18:00. Қызылжар – Ордабасы
⏰ 20:00. Тобол – Жеңіс

🤔 Кімдер жеңіске жетеді?


💥 Вирц үздік

✔️ FourFourTwo нұсқасы бойынша қазіргі уақыттағы ең үздік жартылай қорғаушылар тізімі:

1⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Флориан Вирц
2⃣ 🇪🇸 Джуд Беллингем
3⃣ 🇩🇪 Жамал Мусиала
4⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Бруну Фернандеш
5⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Коул Палмер
6⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Райан Шерки
7⃣ 🇪🇸 Дани Ольмо
8⃣ 🇩🇪 Хави Симонс
9⃣ 🇮🇹 Скотт Мактоминей
🔟 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Матеус Кунья.

Келісесіз бе? 👍/👎


"Арсенал" мен "Лейпциг" Шешконың трансферіне келісе алмады

💰"Лондондықтар" 70 миллион еуро ұсынса, "Немістер" 80 миллион еуро алғысы келеді.

✔️ Словениялықтың өзі трансферге ашық, зеңбірекшілерде оны шабуылды күшейтуге басты үміткер ретінде көреді.


Шомуродов қалмайтын секілді

🟠 "Рома" осы жазда Эльдор Шомуродовты €7-8 млн еуроға сатуға дайын.

🇺🇸 Қазіргі таңда Эльдорға МЛС-тің бір шама клубтары қызығуда.

✍️ Айта кетсек, өзбекстандық ойыншының "Рома" мен келісімшартты келесі маусымда аяқталады.

Показано 20 последних публикаций.
OSZAR »