Insports.kz


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Қазақстан және әлем спортының жаңалықтары
Спортивные новости Казахстана и мира

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


Евгений Федоров велоспорттан Қазақстан чемпионы атанды

🚴‍♂️ XDS Astana Team командасының велошабандозы, Азияның төрт дүркін чемпионы 🏆Евгений Федоров ұлттық чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Өскеменде өткен Қазақстан чемпионаты аясындағы жекелей жарыста Евгений 50,4 шақырымдық қашықтықты 59 минут 42 секундта еңсеріп, қарсыластарына жеңіске деген еш мүмкіндік қалдырмады. Екінші орын алған Даниил Пронскийден 2 минут 34 секундқа озып шыққан ол, өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

🎙– Бұл жарыс мен үшін оңай болған жоқ. Ұзақ қашықтық, аптап ыстық пен сан қилы рельеф, бәрі де сынақ болды. Үш айналымнан тұратын тас жолда бірде өрге, бірде еңіске түсіп отырдық. Күш-қуатымды үнемдеп, әр сәтті есеппен өткізу маңызды еді.

Азия чемпионаттарында бірнеше рет топ жарғаныммен, ұлттық деңгейде дәл осы «жекелей жарыста» алғаш рет жеңіске жеттім.
Бұл мен үшін үлкен қуаныш.

Енді алда топтық жарыс күтіп тұр. Сондықтан бар назарымды соған аударып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын, – деді Евгений жарыстан кейінгі сұхбатында.


Үшінші орынға тағы бір XDS Astana Team мүшесі Антон Кузьмин ие болды. Ал Александр Винокуровтың ұлы Николя Винокуров мәреге бесінші болып жетті.

✍️https://t.me/atamekenbusiness_sport


Уимблдон тарихындағы тұңғыш қазақ баласы

Сүйінші ағайын! Теннис әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі саналатын Уимблдонда Қазақстан🇰🇿 тағы бір тарихи белесті бағындырды.

Ақтаулық спортшы Бейбіт Жұқаев алғаш рет Үлкен дулыға жарысының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Жұқаев Лондонда өткен іріктеудің финалында әлемнің 239-ракеткасы сербиялық Лука Павловичті тізе бүктірді — 3:6, 6:3, 6:2, 7:6. Осылайша, 251-орында тұрған отандасымыз тарихи жеңіске қол жеткізді.

Енді жұма күні таңертең өтетін жеребеде Бейбіттің алғашқы қарсыласы анықталады.

Айта кетейік, Уимблдонның негізгі кезеңіне Қазақстан атынан тағы бірнеше мықты теннисші қатысады. Олар: Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Шевченко және Анна Данилина.

✍️https://t.me/atamekenbusiness_sport


🏀«Астана» жаңа маусымда литвалық маманға сенім артты

🔷Келер маусымда елордалық «Астана» баскетбол клубын тәжірибелі литвалық бапкер Рамунас Цвирка жаттықтыратын болды.

🔶Цвирка — өз ісінің хас шебері. Ол 2004 жылдан бастап бапкерлік қызметте келе жатыр. Ең жарқын жетістіктерінің бірі 2008 жылы украиналық «Азовмашпен» бірге ел чемпионы және Кубок иегері атанған. Сондай-ақ, Цвирка ресейлік «Химки-2» жастар командасын ВТБ Жасөспірімдер лигасында және EYBL U20 турнирінде чемпиондық атаққа жеткізген.

2018 жылы ол Литваның «Невежис» клубын Еурокубоктың ТОП-16 кезеңіне дейін алып шықты.

🔹Айта кету керек, Рамунас Цвирка үшін Қазақстан таңсық емес. Ол 2023/24 жылғы маусымда «Астананы» ел чемпионы атандырса, биылғы маусымда команда күміс жүлдемен шектелді. Сонымен қатар, ол екі маусым қатарынан Қазақстанның ең үздік жаттықтырушысы деп танылды. Бұл оның шеберлігі мен кәсіби біліктілігінің айқын дәлелі.

🔸Цвирканың жаңа штабы да назар аударарлық. Бас бапкердің көмекшілері де осал емес.

Литвалық Дайнюс Шаленга 2003 жылғы Еуропа чемпионы, сондай-ақ ФИБА Challenge Cup жүлдегері. Бұрынғы ойыншы ретінде ол «Жальгирис», «Акасвае» (Жирона), «Будивельник» сынды командалардың намысын қорғаған. Ал 2019 жылдан бастап жаттықтырушы ретінде жұмыс істеп келеді. Оның жұмыс тәжірибесі CBET және Pieno Zvaigzdes клубтарымен байланысты.

🔹Оған қоса, қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше есім Антон Пономарёв та жаттықтырушылар құрамында. Қазақ баскетболының тірі аңызы, «Астана» мен ресейлік «Спартак-Приморьеде» өнер көрсеткен, ел чемпионы атағын бірнеше мәрте жеңіп алған спортшы. Енді ол бапкерлік жолда ел намысын қорғайтын болады.

🔸Осылайша «Астана» жаңарған құраммен жаңа белестерді бағындыруға ниетті.

Сәттілік тілейміз!

✍️https://t.me/atamekenbusiness_sport


🏓Қазақстандықтар Загребте іріктеу кезеңінен аса алмады

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан халықаралық деңгейдегі WTT Contender Zagreb турнирі қызу қарқынмен жалғасуда. Бұл байрақты бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар бақ сынап жатыр. Алайда, Қазақстан құрамасы үшін жарыс жолы тым қысқа болды.

Турнирдің іріктеу кезеңінде ел намысын қорғаған спортшыларымыз барын салғанымен, жарыстың келесі сатысына өте алмады.

Жалпы алғанда, қазақстандықтар төрт матч өткізіп, соның тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Бұл – Айдос Кенжеғұловтың Уэльс өкілі Джошуа Стейсиді 3:1 есебімен жеңген ойыны. Жеңіс бір сәттік үміт отын маздатқанымен, ары қарай жол ашылмады.

Кенжеғұлов кейін қытайлық Сюй Инбинмее кездесіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды. Ал Санжар Жұбанов Германия теннисшісі Сендрик Мейсснерден 1:3 есебімен жеңілді.
Дастан Кенжеғұлов болса, Қытайлық Сюй Хайдунмен болған матчта қарсыласынан бірде-бір партияны ала алмады – 0:3.

Алдағы жарыстарда отандастарымыз бұл сәтсіздікті ұмыттырып, жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенім бар.

✍️https://t.me/atamekenbusiness_sport


Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бокстан Әлем кубогы қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына барды

30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада ерлер мен әйелдер арасында бокстан Әлем кубогі өтеді. Жарысқа 30 елден 300 боксшы қатысады.

Қазіргі уақытта елордада отандық спортшылармен бірге АҚШ, Канада, Сербия, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзербайжан, Аустралия, Словакия, Норвегия және Германия боксшылары бірлескен жаттығу өткізіп жатыр. Халықаралық жиынға жалпы саны 100-ден астам боксшы қатысуда.

Қазақстан құрамасының нақты құрамы осы жиын қорытындысы бойынша анықталады.

Жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Ашылу салтанаты 30 маусым күні сағат 13:00-де, ал финалдық жекпе-жектер 6 шілде күні сағат 14:00-де басталады.

📝ҚР Туризм және спорт министрлігі


Бейбіт Жұқаев Уимблдонға іріктеу турнирінің финалына шықты

Бейбіт Жұқаев екінші айналымда германиялық Янник Ханфманнды 7:6, 6:3 есебімен жеңді. Бұған дейін ол қытайлық Мо Синьюді де жарыс жолынан тайдырған еді. Енді ақтаулық теннисші швейцариялық Лука Павловичпен негізгі кезең жолдамасына таласады.

❌Кукушкин мен Скатов іріктеуден өте алмады. Ал, әйелдер арасындағы іріктеуге қазақстандықтар қатыспады.

✅Негізгі турнирге Қазақстаннан Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Шевченко және Анна Данилина қатысады.

🔄Жеребе 27 маусым күні өтеді. Уимблдон 30 маусымда басталып, 13 шілдеге дейін жалғасады.

✍️https://t.me/atamekenbusiness_sport


🤖Криштиану Роналду 🇸🇦"Аль-Насрмен" келісімшартты ұзартты

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубымен келісімшартын 2026 жылдың жазына дейін ресми түрде ұзартты.

Бұл жаңалық футбол жанкүйерлерін бейжай қалдырмады. Әлемдік футболдағы ең атақты есімдердің бірі енді аталмыш клубта мансабын жалғастыра бермек.

https://inbusiness.kz/kz/news/krishtianu-ronaldu-al-nasrmen-kelisimshartty-uzartty
https://inbusiness.kz/kz/news/krishtianu-ronaldu-al-nasrmen-kelisimshartty-uzartty


4–10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Федерация баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жарысқа 27 елден 450-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы сапында 36 жас зілтемірші өнер көрсетеді. Құраманың нақты тізімі кейінірек жарияланады.

Жүлделер U17 және U20 жас санаттары бойынша сарапқа салынады.

Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🚴‍♂️Диего Улисси Giro dell’Appennino жарысында жеңіске жетті

Бүгін, 24 маусым күні Италияда өткен әйгілі Giro dell’Appennino біркүндік веложарысында XDS Astana Team өкілі Диего Улисси топ жарды.

198,5 шақырымға созылған жарыс Нови-Лигуреден басталып, Генуя қаласында мәресіне жетті. Улисси жарыстың шешуші сәтін дәл сезініп, Pietralavezzara асуынан кейінгі еңісте шабуылға көшті. Бұл мәреге дейін әлі 37 шақырым бар кезде жасалған тәуекелді қадам еді. Алайда ол сол сәттен бастап тізгінді қолдан бермей, Madonna della Guardia төбесінен өтіп, Генуяда мәреге жеке дара келді.

Оның уақыт көрсеткіші – 5 сағат 3 минут 35 секунд. Екінші болып 8 секунд айырмашылықпен украиналық Андрий Пономар келсе, үшінші орынды елордалық команданың тағы бір шабандозы Симоне Веласко (+13 сек) еншіледі.

Бұл жеңіс Улисси үшін маусымдағы алғашқысы. Сонымен қатар, XDS Astana Team үшін 2025 жылғы 19-шы жеңіс болып тіркелді.

35 жастағы велошабандоз мұндай жетістігімен Giro dell’Appennino тарихындағы ең жасы үлкен жеңімпаздардың біріне айналды.

Құттықтаймыз👏👏👏

✍️https://t.me/atamekenbusiness_sport


Қазақстандық теннисшілер 🌱Уимблдонда өнер көрсетеді

30 маусым күні Лондонның жүрегінде әйгілі All England Club корттарында теннистің төресі саналатын Уимблдон басталады.

Бұл тек турнир емес, бұл – дәстүр мен даңқтың символы. Жасыл алаңда өнер көрсету әр спортшының арманы, ал жеңіске жеткендері мәңгі тарихта қалады.

Биылғы жарыс бұрынғыдан да айрықша болғалы тұр…

👉👉👉👉https://inbusiness.kz/kz/news/kazakstandyk-tennisshiler-uimbldonda-oner-korsetedi


«Жетісай» ФК бірден төрт футболшымен қош айтысты

Айтөре Елман, Батырхан Мұстафин, Айту Хансұлтан және Момын Тілеуберді «Жетісай» футбол клубы сапынан кетті.

Клуб пен ойыншылар арасындағы келісімдердің аяқталуына байланысты тараптар ортақ шешім қабылдаған.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


🥇TАРИХИ АЛТЫН!

Мұқат Жайдар араға 11 жыл салып, еліміздің әйелдер күресі тарихын қайта жаңғыртып, Азия чемпионы атанды!

2025 жылдың 21–26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында (U17) Азия Чемпионаты өтуде.
Бүгінгі күн нәтижесі бойынша, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы спортшысы Мұқат Жайдар 61 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп чемпион атанды!
Спортшымызды және бапкерлерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

@turism_sport_ministrligi


🏒 Құрлықтық Кубок-2025: «Торпедо» жарысты жартылай финалдан бастайды

Өткен маусымда финалдық кезеңнен бас тартқан Көкшетаудың «Арланы» турнирден шеттетілді❌.

✍️Халықаралық хоккей федерациясының шешімімен келесі маусымда Қазақстанның күміс жүлдегері — Өскеменнің «Торпедо» командасы ел намысын қорғайды.

Турнир жаңа форматта өтеді. «Торпедо» жарысты бірден жартылай финалдан бастайды. Бұл кезеңде клуб Польшаның «Катовице», Ұлыбританияның «Ноттингем Пантерс», Данияның «Хернинг Блю Фокс» және Францияның «Дюк д’Анже» командаларымен бірге бақ сынайды.

🔹 Қалған 8 команда алғашқы іріктеу кезеңінде өзара күш сынасады. Екі топтың жеңімпаздары жартылай финалға жолдама алады.

🔹Жартылай финал ойындары 2025 жылдың қараша айына жоспарланған.

🔹Финал 2026 жылдың 15–18 қаңтары аралығында өтеді. Оған үздік төрт команда қатысады.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


🏃‍♀️ Кристина Овчинникова Польшада өткен халықаралық турнирде күміс🥈 медаль иеленді!

Қазақстандық жеңіл атлетика жанкүйерлері үшін тағы бір қуанышты жаңалық!

Варшавада өткен Konopacka Warsaw Classic халықаралық жарысында Кристина Овчинникова биіктікке секіруден күміс жүлде жеңіп алды. Ол 185 см биіктікті бағындырып, екінші нәтиже көрсетті.

🥇Алтын жүлде украиналық Юлия Левченкоға, оның нәтижесі 192 см.
🥉Қола медаль польшалық Алисия Высоцкада, ол да 185 см нәтижемен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Кристина бұған дейін Грекияда өткен халықаралық турнирде топ жарған болатын.

🇰🇿Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүрген Кристинаға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🚴‍♂️Astana велошабандозы Қытай чемпионатында күміс еншіледі

XDS Astana Team командасының велошабандозы Хаоюй Су Қытай чемпионатында жекелей жарыста күміс жүлдеге ие болды. Бұл оның ұлттық біріншіліктегі ең үздік көрсеткіші.

Жарыс Қытайдағы🇨🇳 Ордос мәдени индустрия паркі аумағында өтті.

Велошабандоздар 38,6 шақырымдық қашықтықты еңсерді. Жол бағыты былтырғы жарыспен ұқсас — биіктігі шамамен 1300 метр болатын таулы өңірде өтті.

🎙Жарыс өткен жылғыдай болды. 40 шақырымдық трасса, биіктігі шамамен 1300 метр. Командалық оқу-жаттығу жиыны дәл осындай биіктікте өтіп, бүгінгі нәтижеме айтарлықтай көмектесті. Алекс (Даусетт) мен үшін керемет орын таңдап берді. Соның арқасында аз кедергімен көбірек күш жұмсадым. Бүгін жарыс тактикасын толық ұстанып, бар күшімді сарп еттім. Алғашқы орыннан небәрі төрт секунд қалып қойғаным аздап өкінішті, бірақ қай тұста жұмыс істеу керектігін білемін. Алдағы уақытта прогресс жасап, реванш алуға тырысамын, — деді Хаоюй Су жарыстан кейінгі сұхбатында.


✍️ https://t.me/atamekenbusiness_sport


💚«Атырау» клубы Молдовада ойнайтын қазақстандық футболшыны қатарға қосады

Өткен турда бас бапкері мен 8 футболшысымен қош айтысқан «Атырау» клубы трансферлік кезеңге белсенді дайындалып жатыр.

Инсайдтарға сенетін болсақ, «Атырау» командасы Молдова чемпионатының «Балти» клубында доп тебетін 21 жастағы Вадим Яковлевке көз тігіп отыр.
Футболшы биылғы маусымда 20 ойынға қатысып, 2 гол соққан.

📊Айта кетейік, қазіргі сәтте «Атырау» 13 турдан соң, 4 ұпаймен турнир кестесінің соңғы орынында тұр.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Әлем чемпионы елге оралды

Бүгін Астана халықаралық әуежайында Болгарияда өткен жаһандық додада ел намысын қорғаған көркем гимнастшыларды қарсы алу рәсімі өтті.

Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы🏆 Ақмарал Ерекешева мен әлем чемпионатының қатысушылары 🛬елге оралды.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Елдос Сметовке Италияда ота жасалды

Көптен бері Елдосқа бозкілемге шығуға кедергі келтіріп жүрген ескі жарақат спорттық жаттығуларға толыққанды кірісуіне мүмкіндік бермеген еді. Ақыры ұзаққа созылған ауырсынулар ота жасатуға мәжбүрледі.
"Мені уайымдап, алаңдаушылық білдіріп жатқандырыңызға рахмет! Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім.

Алла жазса, 2–3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға — келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін.

Карьерсын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын", - деді Сметов Instagram парақшасындағы жазбада.


Елдос Сметов — Қазақстан тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы. Оның басты ерекшелігі — Олимпиада ойындарының барлық жүлдесіне қол жеткізген аз ғана дзюдошылардың бірі болуы. Ол 2024 жылы Парижде алтын, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода күміс, 2020 жылы Токиода қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Сметов Олимпиада аренасында қазақ дзюдосының жаңа белесіне жол ашты. Олимпиададан бөлек, Сметовтің спорттық жолы сан мәрте жеңістермен көмкерілген.

Ол 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы атанса, 2015 жылы әлем чемпионы, ал 2016 жылы Азия чемпионы атағын иеленді. Бұл жетістіктер оның мықты техникасы мен жанкешті еңбегінің жемісі.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Астанада өтетін әлем кубогына Өзбекстан құрамасының қатыспайтыны жайлы ақпаратты растады.

📹anuar abdrakhmanov

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport

605 0 2 15 11

Бүгін 23 маусым күні, Халықаралық Олимпиада күнінде Лозанна қаласындағы Олимпиада үйінде Халықаралық Олимпиадалық комитеті президентінің өкілеттігін табыстау рәсімі өтті.

Бұған дейін ХОК-ты басқарған Томас Бах өз өкілеттігін ресми түрде Зимбабведен шыққан жүзуден екі дүркін олимпиада чемпионы Кирсти Ковентриге тапсырды.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.
OSZAR »